Бәскүрестің басқа күрестен басты артықшылығы

сүйрет : Uznaychtotakoe.ru
Ыспан
Өмірде адам көбнесе бақталасын жеңіп қана қоймай, жеңуді ғана ойламай, оны …
… жермен-жексен ету, айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізу ниетімен күресіп-тіреседі. Бар күш-қуаты қарсы жақты жоқ қылуға немесе оны өзінен бір саты төмен қоюға, өзінің артықшылығын, артықша жаралғанын мойындатуға, жұртқа жария етуге бағытталады.
Яғни Алла берген, туа біткен, өмірден алған әдіс-айла, жігерін жанында жүргендерге, жора-жолдастарына, оларды тұқыртуға, тұқымын тұздай қылуға жұмсайды.
Екіншіден,
адам өзінің, өзгенің күшін, кімнің қаншалық мықтылығын, қандай деңгейге жеткенін байқау, анықтау әрі жаттығу, әдіс-амалын жетілдіру үшін күреседі. Бұл кездегі әрекет жалпы күшеюге, бір-біріне көмектесіп, өзара қарсы-жұп (спарринг-партнер) болуға, яғни сырттағы жауға, сырттан келетін қауіпке дайындыққа жатады.
Сірә, мұның
біріншісі – алысу-жұлысу, қырқысу-жыртысу, өзара өшпенділікті қоздыру, жауласу, ақырында қатары сиреу, әлсіреу болса,
екіншісі – бірін-бірі жетілдіру, серігін көбейту, күш біріктіру, бірігу, жалпы даму болады әрі ыспорт әлде салауатты бәске деп аталады.
Ендеше, жанындағылармен жауласпай, достасу, жұдырығын жақынына емес, жауына жұмсау, соған дайындау – қазақ күресі, яғни бәскүрестің бірінші бәсі.
Түйін
Яғни бәскүрестің бір бәсі мен бәсіресі
– өсіп-өну, жетілу-бірігуді көздейтін ізгі мақсат-мұратында болса және жатса керек.