ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Басы да, асқазаны да алтын адам

әкімшілік 21/12/2022 109 рет қаралды

 

Сүйрет : fishki.net

Ыспан

 

Өзім арзан екен деп нанды бас-көзсіз ала бермеймін. Үйде бар-жоғы, қанша қалғанына қарай бір, бір жарым күн жейтіндей ғып қана аламын және қатып қалса да, ескісін жеп бітпей, жаңасына тимеймін. Ал ол …

 

… Ол мұндай ұсақ-түйекті ойлап, алтын басын қор қылмайды. Дүкеннің жанынан ары өткенде бір алып, бері өткенде тағы алады және ол сәтте үйінде қатқан нанның үйіліп жатқаны ойына келе қоймайды.

 

Үйткені күн мен түннің жартысынан астамын телепонға тесілумен өткізіп, жұмысына ара-тұра бір барып-кеп қана тұрса да ақшасы аз емес.

 

Неге аз емес?

 

Үйткені НӘНнің, басқаның парақор-жемқорлығын шетінен сыбап боқтайтынымен, өзінің де бір таза іс, адал әрекеті жоқ және байқауымша  ешқашан болмаған да.

 

Ал асқазанының да алтын болатын себебі – қатпақ түгілі кебе бастаған наның өзін аузына алмай, шығасылай (списать) салады.

Кілттік сөздер:
Алдыңғы мақала

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*