ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Басына бақ қонған аз жақсы

әкімшілік 11/12/2018 1018 рет қаралды

сүйрет : Om-saratov.ru

Ыспан

 

«Мен Қазақстан азаматы ретінде өте бақыттымын, осындай жерде, елде дүниеге келгеніме …» – бұл қазақтың билік басында жүрген қайраткер спортшыларының бірінің Елбасы күніне орай айтқаны [1].

 

Сөз жоқ, бұл – осы спортшының ғана емес, өмірде, өнерде жолы болып, табысқа жетіп, майлы жіліктің басын ұстаған мыңдаған қазақтың айтатын, айтпаса да, жадтарында жүрген-ақ сөз, сезім.

 

Әрине, елдің бірден-бір жақсы-жайсаңдарының өз өмірі, отбасы, жеке басынан басқа дүниеде қазақ деген халқы да барын, ол халықтың бүгіні, болашағы дейтін де нәрсе болуы тиістігін ескермесек, олардың қатардағы көптен гөрі «бақытты» болмайтын жөні де жоқ.

 

Сірә, қазақ өз еркі өзіндегі, өзін-өзі қорғай алатын әрі керемет дамып кетпесе де, басқалар қатарлы-ақ ел болған күнде оның батырлары мен бағландарын былай қойып, ең жаман, ең кедейінің өзі бұл күйінен бақыттырақ болар ма еді.

 

Ал ең бастысы – халқы өз тілінде сөйлеуді ар көріп, соған да ақылы жетпей, әркімге ақысы кетіп отырған елде оның әдетте бейғам болып, дүниеге күнкөріс тұрғысынан ғана қарайтын  жарлы-жақыбайынан гөрі аз жақсысы, көшбасшысымын деп жүргендері өзін бақытсызырақ, қайғы-мұңдырақ сезінсе керек еді.

 

  1. Құтықтаулар //Қазспорт т/а, 01.12.18, 21:00 – 21:05 секунд аралығы;
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*