Бір маскүнем мен екі ғайшының айтысы

сүйрет : Doseng.org
Ыспан
Ол өзін маскүнем санамайды және маскүнем біткенді …
… иттің етінен де жек көреді. Дегенмен, мың-мыйлон басқалар сыйақты кейде үрелдемін дей отырып, дос-жораның «тамақтың астында қалады, екі аяғың тең болсын» дейтін қыштауларын қия, қайтара алмай, бір-екі ұрттап қана алып немесе аса бір сусап тұрғанда бір бақал сыраны сіміріп салып мәшинесіне отырып кететін кезі болып тұрады.
Осындай сәттің бірінде оны шеттен келген қонақша күтіп алған екі ғайшы* тоқтатып, есірткі орталығына сүйрелей жөнелгенімен қоймай,
-сіз қоғам үшін өте қауіпті «елементсіз», лаңкеспен* бірдей қылмыскерсіз,
-білесіз бе, ішіп алып үрелге отыру – іс жүзінде бір емес, бірнеше адамды өлтіру, мүгедек ету деген сөз
деп сөге бастап еді …
… мұншалық адамшылық, елшілдікті естігенде ішіндегі оттың жалыны сыртқа теуіп, толқып кеткен маскүнем : «Тоқта! Мәшинені де тоқтат!» деп әмір ете сөйледі де, қуана кетіп, кілт тоқтай қалған екеуге ақылдың көкесін енді бұл айтты және былай деді:
Ійә, мен үрелдегі баскесер* болуым мүмкін және күнәға бататыным да анық.
Бірақ, бұдан да үлкен бәле бар. Мысалы, өмір бойы қара халықты тонап жүріп, аяқастынан оларға жанашыр бола қалып тұрған мына сендер қандай да мәшине көрінгеннен-ақ «я, Алла жүргізушісі ішіп алған болып шықса екен» деп тілейсіңдер.
Күнде үйлеріңнен «еҺ-е, Құдай, бүгін көшеде маскүнем, тәртіп бұзушы жүргізуші көп болса екен» деп, дұға жасап шығасыңдар.
Алладан жол тәртібі, ел тәртібі сақталуын сұрап, оны қамтамасыз етуге бар күш-жігерін жұмсауы тиіс және сол үшін үкіметтен пәленбай ақша алып отырған сендердің қай-қайсыңның да жатсаң да, тұрсаң да ойлайтының осы.
Ал бұларың – бір-екі адамның емес, тұтас бір халық, бір мемлекеттің азып-тозуына алып келетін мысық тілеу.
Енді айтыңдар, адам, қоғам үшін біздің қайсымыз қауіптіміз, кім қылмыскер?» деп тоқтады.
Бірақ, мұншалық есті сөзден еш пайда болмай, ауыздарына құм құйылған бетон бет екеу мәшинені қайта оталдырып, онан ары жүріп кетті.
Тек кейінірек осы әңгімені тыңдап отырған тістанушы* көршім: мәләдес, қатырыпты деп, кеңкілдеп кеп күлді. Ал өзі саусағының әр қыймылын мыңға балап сататыны, ана дәу қарны неден айналып жүргені оның да ойына келмеген сыйақты.
*ғайшы – гаишник, лаңкес – террорист, баскесер – палач, тістанушы – стоматолог