«Бить» сөзі негізіндегі тіркес қазақшасы

сүйрет : M.nn.ru
Ыспан
Бить –
— бей своих, пусть чужие бояться – өзіңді-өзің жаттай көр, жат жанынан түңілсін
— бить баклуши – тышқан тағалау
— бить в барабан – дабыл қағу – атан салу – атандау
— бить в глаза – көзге шыққан сүйелдей болу – көзге ұрып тұру – бадырайып жату
— бить в колокол – қоңырау қағу – қоңырау соғу
— бить в ладоши – алақан соғу – қол соғу – шапалақ ұру
— бить в одну точку – қадалған жерінен қан алу – қадалған жерінен қан алмай тынбау
— бить (прямо) в цель – көздегеніне (дәл, тура) тигізу
— бить зверя – аң қағу
— бить ключом – бүлкілдеп жату – шапшып жату
— бить масло – май шайқау
— бить мимо цели – мүлт кету – қыйыс кету – тигізе алмау
— бить ниже пояса – белден төмен ұру
— бить отбой – 1) қайт (тоқтат, жат) деу – 2) айнып қалу, бастарту
— бить по бюрократизму – төрешілдікке соққы беру
— бить по карману – қалта(ны) қағу – қалтасы көтермеу (көтере алмау) – қалтасының түбі тесік болу
— бить (ударить) по рукам – 1) қол алысу, қол қағысу – 2) қолды қағу, қол қағу
— бить по рукам и ногам – қолға байлау, аяққа тұсау болу
— бить птицу на лету – ұшқан құсқа тигізу
— бить себя в грудь – кеудесін қағу – кеудесін тоқпақтау
— бить тревогу – атан салу – атандау – дабыл қағу
— бить через край – тасып төгіліп жату – тасып-төгілу – шыйршық ату
— бить шерсть – жүн сабау
— мальчик для битья – таяқжеуіш бала – таяқжеуіш
Биться –
— биться в припадке – қалшылдап жату (қалу) – қалшылдай жөнелу
— биться гловой о стену – басын тауға да, тасқа да ұру
— биться как рыба об лед – мұз үстіндегі балықтай бұлқыну – сең соққан балықтай бұлқыну
— биться не на жизнь, а на смерть – өліспей беріспеу – жан алып-жан берісу
— биться об заклад – барын салу – бәс тігу
— биться с врагом – жаумен жағаласу
«Соққы», «соқы»-ға қатысты қазақ тіліндегі басқа да тіркес пен сөз орамы
— алып соғу
— алып ұру
— белге соғу
— дүре соғу
— жау кеткен соң қылышыңды боққа (тасқа) шап
— қасқыр (түлкі) соғу
— қылышын тасқа (боққа) шабу,
— ойбай салу,
— сең соққан балықтай болу (ету)
— соққы алу
— соққы беру: жаудың бетін қайтару, тойтарыс беру, соғу
— соққы жеу: таяқ жеу, соққыға жығылу, ұрылу
— соққы тию: а) ұрылу, сабалу – ә) ауыр жағдайға тап болу (ұшырау)
— соққыға жығу