ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Орысша-қазақша

«Бог» сөзі негізіндегі тіркес қазақшасы

әкімшілік 10/05/2018 1329 рет қаралды

сүйрет : Unionjoy.org

Ыспан

 

Бог – құдай, жаратқан, тәңірі, алла:

— бог береженного бережет – құдай сақ болсаң сақтайды

– құдай сақ болғанды сақтайды

— бог в помощь – іске сәт

– тәңірі қолдасын

— бог даст – құдай қаласа

– құдақаласа

–  құдай берсе

– алла бұйыртса

— бог знает – құдай біледі
— бог знает что – не екенін құдай білсін
— бог не обидел – құдай қаққан
— бог с ним

— бог с тобой

– солай-ақ болсын

– қоябер

— бог ты мой! – о, жасаған!

– құдайым-ай!

— богом обиженный – құдай ұрған

– көк соққан

— боже мой!

 

– құдай-ай!

– құдайым-ай!

– о, құдай!

— боже сохрани!

— боже спаси!

— боже упаси!

– құдай сақтай гөр!

– құдай, өзің құтқара гөр!

– құдай сақтасын!

— божей волей – құдай айдап
— божецкая цена

 

– әділ баға

– құдайға қараған баға

— божественные книги – құдайшыл кітап
— божественный голос – керемет  дауыс
— божий свет – дүниенің жүзі
— вот бог, а вот порог – жол әні, есік міні

– міні құдай, міні есік

— выставить на свет божий – жарыққа шығару

– құдайдың күніне шығару

— дай, бог – ыйа, алла

– құдай қаласа

– құдақаласа

– құдай берсе

— до бога высоко, до царя далеко – кедей байға, бай құдайға жетсем дейді

– құдайға қол, патшаға аяқ жетпейді

– құдай биікте, патша алыста

— каждый божий день – құдайдың құтты күні

– құданың құтты күні

— не дай бог 1)

– құдай (өзі) сақтасын

– құдай бетін аулақ қылсын

– құдай бетін көрсетпесін

2)

– осыдан қарап тұр

— о, боже! – құдай-ай!

– о, құдай!

— одному богу известно – бір құдай біледі

– бір құдайға белгілі

— по-божески – құдайға қараған

– құдайшылығы бар

– құдай сыйлап

— побойтесь бога – құдайдан қорқыңыз

– ұяласаң(ыз)шы

— прости, бог! – құдай өзі кешірсін!

– құдай, өзің кеше гөр!

— ради бога – құдай үшін
— с богом! – а, құдай!

– ыйа, алла!

– құдай қолдасын!

– алла жар болсын!

– құдай (алла) бетіңнен жарылқасын!

— сам бог велел – құдай (өзі) қосқан
— слава богу! – құдайға шүкір!

– құдая шүкір!

– құдайға тоба (тәубе)!

– аллаға шүкір!

— упаси (избави) бог! –құдай (өзің) құтқара гөр!

– құдай (өзің) сақтай гөр!

– құдай (алла) сақтасын!

— человек предполагает, бог располагает – адам болжайды, алла оңдайды
— чем бог послал – барымен базар
— ясно как божий день – құданың күніндей айқын

 

Қазақ тіліндегі құдай атына қатысты басқа да тіркестер:

— а, құдайлады

— адамның басы – алланың добы

— ақ, аққа құдай жақ

— алла тағала  (тала)

— әуелі құдай, онан соң …

— бір алла, бір құдай

— бір құдайға тапсыру

— құдай ақы

— құдай атқан  (атты)

— құдай бар болса

— құдай жазаңды бергір  (берсін)

— құдай қосқан

— құдай салды, мен көндім

— құдай сүйер қылығы жоқ  (болмау)

— құдай сыйлап…

— құдай тапсын!

— құдай төбесінен қос қолдап ұру  (ұрғыр)

— құдай тілеуіңді берсін (бергір)

— құдай ұрсын

— құдай ісі

— құдайға (аллаға) аманат

— құдайға жазды

— құдайға не жазды

— құдайға салу

— құдайдай көру

— құдайдай сену

— құдайдан безген  (безу)

— құдайдан көру

— құдайдан қайтсын  (қайту)

— құдайдан қорықпағаннан қорық

— құда(й)дың зарын қылу  (айту)

— құдайменен ісі жоқ  (болмау)

— құдайсыз күні жоқ

— құдайшылығын айту

— құдайы айтты  (атады)

— құдайы беру

— құдайы көрші

— құдайы қонақ

— құдайы қылу

— құдайы тамақ

— құдайын ұмыту

— құданың (құдайдың) күні

— құданың (құдайдың) құдіреті

— құу, құдай!

— сұбықан алла, су жағала!

— шұнақ құдай!

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*