ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Арғы тарих

Əл-Хорезім не жазды, не қойды?

әкімшілік 20/04/2018 4162 рет қаралды

Ыспан 

ӘБУ АБДАЛЛАҺ әл-ХОРЕЗІМ  Әбу Абдаллаһ Мұхамед ибн Мұса әл-Хорезми (787-ж., Хиуа – 850-ж. шамасы, Бағдат) – математшы, аспантанушы (астроном), тарихшы, жертанушы (георграф), жұлдызтанушы (астролог), пәлсапашы, аудармашы. Ғалымның отаны қазіргі кездегі Өзбекстан мен Түркіменстанның біраз бөлігін қамтитын Хорезім өңірі деп есептеледі.

білімі: Алғашқы білімді Хорезім мен Мәуренақырда алып, үнділік, гректік ілімдермен танысқан.

ғылыми өмірі: Шамамен жыйырмадан асқан шағында білім жолын аяқтап, Бағдатқа келеді.

— Мұнда Әл Мамұн халифінің (813 – 833)  тұсында «Даналық үйі» деп аталатын және Мысыр, Шам, Парсы, Қорасан, Мәуренақырдан жыйналған Хаббаш Әл ХасибӘл ФарганиИбн ТуркӘл Кинди сыйақты ірі ғалымдардан тұратын академиялық ұйымды басқарған. Ұйымның өз расытханасы (обсерватория), қолжазба қоры мол кітапханасы болған.

— Әл Хорезімнің өзі тікелей Әл Мамұнның тапсыруы бойынша жер шарының ауқымы мен ұзындығын өлшейтін құрал жасаумен айналысады. 827-жылы Синджар шөлінде жүргізілген жер доғасын өлшеу сынағына қатысады және бұл өлшеудің дәлдігі соншалық, ол содан жеті ғасыр бойы өзгеріссіз қолданыста болды.

— Әл Васик халифі (842 – 47) тұсында Әл Хорезім Хазар өңірінде жүргізілген зерттеу сапарын басқарады.

ғылымға қосқан үлесі:

— Шамамен 830-жылы алгебрадан алғашқы араптық трактатын жазып, алгебраны сызықтық және шаршылық теңдеулерді шешудің жалпы әдістері туралы дербес ғылым ретінде ұсынды әрі бұл теңдеулердің жіктемесін жасады;

— Синус қызметті тригонометрлік кестелер жүйесін жасады. Белгілі ғылымтанушы Дж.Сартон оны өз заманының ұлы математшысы, бар заманның ұлты математшыларының бірі санады;

— Айдың, күннің, басқа да ғаламшарлардың орнына, тұтылуына, көрінуіне қатысты нақты есептеулер жүргізіп, өзінің аспантанулық кестесін жасады;

— Жер жүзінің сипаты, картасы, маңызды жерлердің орны беріген кітабында Птомелей тұжырымдарының бірқатарын нақтылап шықты.

Әл Хорезім еңбектері латын, жаңа еуропа және шығыс тілдеріне аударылып, олардың негізінде математтан түрлі деңгейдегі оқулықтар жазылды және Өрлеу дәуірі ғылымының негізін қалады.

еңбектері: Әл Хорезім 9 еңбек жазып, бізге оның 7 ғана жетті және олар оның өз мәтіні, латынша аудармасы әлде арапша түсіндірмесі түрінде жетті.

  1. Үнділер саны (есебі) – қосу және алу туралы есептік трактат, арап тіліндегі нұсқасы жоғалған, бірақ 12-ғасырда латын тіліне аударылып басылған нұсқасы сақталған. Осы аударма арқылы Еуропа елдері есептеудің үнділік ондық позициялық жүйесімен танысты.
  2. Толтыру және қарсы қою жөніндегі қысқаша кітап (Китаб мұхтасар әл-джәбр уә-л-мұқабала) – математ тарихында алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Онда 1- және 2-дәрежелі теңдеулерді шешу т.б. мәселелер жүйелі түрде баяндалған. Еңбек Еуропа елдерінде алгебра бойынша негізгі басшылыққа алынатын кітап болды. «Әл-жәбір» амалы (теңдеулердің бір мүшесін оның екінші жағына таңбасын кері өзгертіп шығару) кейін алгебра атауының шығуына себеп болды. Ал әл-Хорезми (лат. Algorithmu) есімі әуелі үнді сандарының көмегімен арифметикаға белгі ретінде енсе, кейін ол белгілі ережемен ғана орындалатын кез келген есептеу жүйесінің жалпы аты (алгоритм) болып қалыптасты.
  3. Жер шары бейнесінің кітабы (Китаб сурат аль-ард) – жер бедері, өзен-көл, ой-қырлары, оның қаратасы туралы жағрапиялық еңбек, қолжазбасы 1878-жылдан белгілі.
  4. Ендікөлшеуіш арқылы жасалатын әрекет туралы кітап (Китаб аль-амаль би-ль-астурлабат) – елеулі бөлігі Әл Фарган шығармасына енгізілген, 41-42-тарауларында намаз мезгілін анықтайтын циркуль сипаты берілген.
  5. 5. Күн сағаты туралы ктіап (Китаб ар-рухама).
  6. Еврейлер дәуірі, олардың мерекелері туралы кітап (Рисала фи истихрадж тарих аль-яхуд ва аядихим).
  7. Аспантанулық кестелер – аспан денелерінің қозғалысы, өзара орыны туралы кітап.
  8. Ендікөлшуіш жасау туралы кітап – сақталмаған, басқа еңбектерде аталуы бойынша ғана белгілі кітап.
  9. Тарих кітабы – белгілі адамдардың жұлдызтанымдық мәліметтері туралы және бізге жетпеген кітап.

шығармалары: Математические трактаты, Таш., 1964

әдеб.: Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары, А., 1964; История математики, т. 1, М., 1970; Сираджинов С., Матвиевская Г. Ал-Хорезми – выдающийся математик и астроном средневековья, М., 1983; Матвиевская Г., Розенфельд Б. Математики и астрономы мусульманского средневековья и их труды, кн. 2, М., 1983

сүйрет: Әмір Кеңесұлы

«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан

1 Comments

  1. Амир 13/05/2020

    Рахмет сізге

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*