ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Арғы тарих

Әбу Әли ибн Сина не жазды, не қойды?

әкімшілік 01/06/2018 2549 рет қаралды

Ыспан

 

ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА  Әбу Әли Хұсейін ибн Абдаллаһ (латынша – Авиценна; 980-ж., Бұқара қаласы, Афшана ауылы – 1037-ж., Хамадан) – ортағасырлық ғалым, пәлсапашы, дәрігер.

 

өмірі: Орта Азияда және парсы жерінде тұрған, түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданған.

 

еңбегі:

 

  1. Дәрігерлік ғылымның каноны (Китаб әлқанун фи-т-тибб), 200 баспа табақ;

5 кітаптан тұратын дәрігерлік энциклопедия. Араб тілінде сан рет көшірілді. Латынша аудармасы 12-ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне тарады. Күллі Шығыс пен Батыста Ә.Ә. ибн Сина осы кітап арқылы 5–6 ғасыр бойы дәрігерлік ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы, «Дәрігерлік ханзада» болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін басылуы «Інжілмен» бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін былай қойып, латынша аудармасы 30 шақты рет басылды. 1000 жылдық салтанатына байланысты орыс, өзбек тілінде Тәшкентте (1954–60-ж.) басылып шықты.

 

  1. Дауа кітабы (Құтқару кітабының қысқаша мазмұндамалық нұсқасы);

 

  1. Өсиеттер мен кеңестер кітабы;

 

  1. Білім кітабы (парсыша – Данеш наме);

 

  1. Араб және парсы тілдерінде аздаған өлеңдері сақталған.

 

 

ғылым тарихындағы орны:

— Гиппократ, Гален еңбектерімен танысып, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескіргендерін алып тастады;

— Пәлсапа және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбек қатарында болды;

— Ә.Ә. ибн Сина арқасында еңбектері түгіл есімдері де ұмытыла бастаған Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды;

— Әдеби шығармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырдағы еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасады.

 

әдебиет: Терновский В. Ибн Сина (Авиценна), М., 1969

 

 

сүйрет: Әмір Кеңесұлы

 

 

«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан

Кілттік сөздер:

1 Comments

  1. Қуандық 27/12/2020

    Мәлімет керек

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*