ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Сөзтаным

«Дата»-ның тіліміздегі табиғи баламасы

әкімшілік 03/11/2018 945 рет қаралды

сүйрет : E.glavbukh.ru

Ыспан

 

Дата сөзінің қазақшасы бір тұста күні деп берілгенімен [1] және көпшілік бұлай айтатынымен де, ресми жағдайда «күні» мойындалмай, дата деп қолданылады. Мойындалмайтын себебі – қарапайым ғана қазақ тілі сөзі әрі сөйлеу тілі сөзі болуынан және сөз бойында күні ғана көрсетіліп, айы мен жылы жоқтығынан болса керек.

 

Француз тілінде данные [2] деген мән, сөз арқылы ғана берілген дата-ның ұғымдық белгісі

– болған уақыт, уақыты – өткен мерзім, мерзімі дегендерден құралады және мұны

– күн-ай-жыл көрсеткіші  – күннің қандай да ретпен берілген көрсеткіші деп те қабылдауға болады.

 

Ал қазақ тілінің Бас сөздігінде [3] өз алдына дара сөз ретінде берілмеген «күні» сөзінің ұғымдық белгісі

– болған уақыт, уақыты – өткен мерзім, мерзімі – күнпарақтық күн дегендерден құралса керек.

 

Яғни күні – дата түсінігін бере алады және осы мәнде қолданылып та жүр. Мысалы, поставить дату – күнін қою [1] делінген және күні қазақ тілінде, қазақ жады мен түйсігінде дата мәнінде қалыптасқан да. Қазақ мына құжаттың күні қойылмапты, астына қолыңды және күнін қой дегенде қандай да бір күндень туралы емес, дата-ны, күніайыжыл-ын қоса айтады.

 

Бұл – дата сөзінің бір қазақшасы және оны өз тілімізде әуелден бар, қолданылып келе жатқан сөзбен, өз баламасымен атау деген сөз.

1-мақала, жалғасы бар

 

Келесі мақалалар

  1. «Дата» сөзінің екінші жаңадан жасалған баламасы — http://turki.kz/data-s-zini-ekinshi-zha-adan-zhasal-an-aza-shasy
  2. Дата-ның қазақшасы — http://turki.kz/data-ny-aza-shasy

 

  1. Русско-казахский словарь М., 1954, 935 б.
  2. Большой иллюстративный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 б.
  3. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*