Дата сөзінің тілімізде әуелден болған баламасы

сүйрет : E.glavbukh.ru
Ыспан
Дата сөзінің қазақшасы бір тұста күні деп берілгенімен [1] және көпшілік бұлай айтатынымен де, ресми жағдайда «күні» мойындалмай, дата деп қолданылады. Мойындалмайтын себебі – қарапайым ғана қазақ тілі сөзі әрі сөйлеу тілі сөзі болуынан және сөз бойында күні ғана көрсетіліп, айы мен жылы жоқтығынан болса керек.
Француз тілінде данные [2] деген мән, сөз арқылы ғана берілген дата-ның ұғымдық белгісі
– болған уақыт, уақыты – өткен мерзім, мерзімі дегендерден құралады және мұны
– күн-ай-жыл көрсеткіші – күннің қандай да ретпен берілген көрсеткіші деп те қабылдауға болады.
Ал қазақ тілінің бас сөздігінде [3] өз алдына дара сөз ретінде берілмеген «күні» сөзінің ұғымдық белгісі
– болған уақыт, уақыты – өткен мерзім, мерзімі – күнпарақтық күн дегендерден құралса керек.
Яғни күні – дата түсінігін бере алады және осы мәнде қолданылып та жүр. Мысалы, поставить дату – күнін қою [1] делінген және күні қазақ тілінде, қазақ жады мен түйсігінде дата мәнінде қалыптасқан да. Қазақ мына құжаттың күні қойылмапты, астына қолыңды және күнін қой дегенде қандай да бір күн, день туралы емес, дата—ны, күні, айы, жыл-ын қоса айтады.
Бұл – дата сөзінің бір қазақшасы және оны өз тілімізде әуелден бар, қолданылып келе жатқан сөзбен, өз баламасымен атау деген сөз.
1-мақала, жалғасы бар
*Мақаланың толық нұсқасы «Дата-ның қазақшасы» деп аталады.
Ұсыныс бізден, қолдау, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!
- Русско-казахский словарь М., 1954, 935 б.
- Большой иллюстративный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 б.
- Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. А., 2011-ж.
«‘Дата» сөзінің қазақшасы — «санам», яғни «датасы» — «санамы». Бұл баламаны қолданған Бауыржан МОМЫШҰЛЫ. Ал қайта ұсынып отырған Дархан МЫҢБАЙ.
Сөзден сөз шықса және шыға-шыға дұрысталса керек. Сондықтан сөздің, ұсыныстың азынан көбі жақсы. Басқалар да өз ойларын айтар.