ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

«Делать аборт – түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз?

әкімшілік 02/06/2020 1892 рет қаралды

сүйрет : Otvet.mail.ru

Ыспан

 

Бізде шетел сөзін пір тұтып, оған шаң жуытпай, өз сөзімізді тергеп-тексеруде шектен шыққан кірпияздық бар. Мысалы, Мухамбедия Ахмет-Төре ағамыз …

 

 

… — Неге жасанды түсік деп жазасыздар? Кім ол өлі шарананы қолмен жасапты? Орыстың «искусственный аборт» дегенін аударғандарыңыз ба?

 

— Ал қылмысты түсік дегенді қалай түсінеміз? Орысша «криминальный аборт» дегеннің аудармасы ма? Өзі шала-жансар түсіп қалған шарана-шақалақ, яғни недоносок-түсік қандай қылмыс жасап қойыпты [1]

 

дегенде ырас-ау, мұнымыз қалай болып кетті деп бір аңтарылып қаларымыз анық.

 

 

Әрине, қалай да мінеу, жарамсыз ету тұрғысынан қарап, жасандылық та, қылмыстылық та тікелей түсіп қалған нәрсеге қатысты айтылып тұр, кім оны қолмен жасапты, ол шақалақ қандай қылымыс жасап қойыпты деуге әбдән болады.

 

 

Алайда түсік – түскен нәрсе ғана емес, түсу үрдісі де.

 

 

Олай болса, жасанды түсік – түсіп қалған нәрсенің жасандылығын емес,

 

түсік әлде түсу үрдісінің өздігінен, табиғи түрде жүрмей, қолдан қоздырылып-жүргізілетінін білдіреді, білдіре алады.

 

 

Қылмысты түсікте де түскен нәрсенің сипаты емес,

түсік әлде түсу, түсіру үрдісінің қылмыстылығы, заңға қайшы жүргізілгені меңзеледі.

 

 

Дәл осылай,

      емханадан тыс түсік дегенді де емханадан басқа жерде жатқан шарана деп емес,

                               онда жасалмаған түсік үрдісі, түсіру үрдісі деп түсінеміз, түсінуіміз керек.

 

 

Сірә, түсік аборт-тың мәнін бермейді, аборт  тек түсік түсу, түсік түсіру ғана бола алады деп сөзге шұқылана беретін болсақ,

 

делать аборт дегенді түсік жасау демей, түсік түсіруді жасау деп,

 

самопроизвольный аборт-ты өздігінен болған түсік түсіру деп

сорақылануымыз керек болар еді.

 

 

Ал

естественный аборт – табиғи түсік,

                     неполный аборт – жартылай түсік,

                                             полный аборт – толық түсік,

                                                                привычный аборт – үйреншікті түсік

 

тіркестері де осы қатардағы қалыпты да мінсіз аударма дер едік.

 

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
  2. «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
  3. «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
  4. «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
  5. Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
  6. Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
  7. Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
  8. Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy

 

  1. Мухамбедия Ахмет-Төре, 13.02.19, 13:15 (10 сағат бұрын)
Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Мезгіліне жетпеген түсікті «түсік тастау» дейді. Бұл бұрыннан келе жатқан анық сөз. Искусственный аборт «қолдан түсік тастату», т.с.с. кете береді.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*