ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Дұрыс пен бұрыс : тырыс әлде құрыс және ұрыс

әкімшілік 01/06/2021 768 рет қаралды

 сүйрет :Ok.ru  

Ыспан

 

Орыста брус – ағаш деген сөз. Тек ол орманда өсіп, жапырағы жайқалып тұрған ағашты емес, бұтақтары шабылып, қабығы аршылып арақорада (лесопилка) жатқан дөңбек ағаш, өлі ағашты білдіреді. Әрине, бұдан қазақтың …

 

… «бұрыс» деген сөзі осы «брус»-тан шыққан деген ой тумайды. Дегенмен, бұлардың арасында ұқсастық та жоқ емес.

 

Ал айтайын дегенім – Мухамбедия Ахмет төре, Несіп Жүнісбайұлы, Марат Байділдаұлылар :

 

медсестра – мейірие, мейірбике,медбрат – мейірие,

либеро (әуедопта) – таңбалы ойыншы,

отставка – доғарыс

деп қазақшалапты.

 

Сондай-ақ бұл сыйақты білікті кісілер ғана емес, осы күнгі қазақтың кез келгені, тіпті орыстанып-орманданып үлгергенінің де өзге жұрттан бір айырмасы – бір ой, бір сана астарында және қолынан келіп жатса кез келген шеттіл сөзін қазақшалап көреді, қазақшалағысы келеді.   

 

Бұлары дұрыс па, бұрыс па?

 

Мысалы, Мұқаң (Ахмет төре) өзі де медсестра – мейірие дей отырып,  мұны атың шықпаса жер өртенің кері көреді.

 

Ал біздіңше,  бұл – қазақтың «мені»-нің, ұлттық санасының әлі де тірі екенінің, өліп қалмағанының бір белгісі.

 

Алайда, жазушы-жұрналшының өзі осындай, яғни атауы мен мазмұны, түсінігі арасында ешқандай байланыс жоқ, атынан заты көрініп тұрмайтын, құлаққа ерсі, көзге томпақ, бұрыс сөз, «брус» сөз, сөз емес-ау, шартты таңба, суға салсаң батпайтын, отқа салсаң  жанбайтын томар жасай отырып, 

 

басқа біреудің әлдеқайда сәтті сөзіне қарсы шығып, мағынасын бермейді, түгел қамтымайды, бұл халықаралық сөз, ғылым сөзі, оны  аударуға болмайды деп аяқастынан түрленіп, түлейленіп шыға келеді. Найзасын тіктеп алып қарсы шабады.

 

Неге үйтеді?

 

Үйткені,  біріншіден – мен біліп, мен жасамағанды не дері-ақ сен жасап қойдың дейтін қызғаныш бар.

 

Екіншіден – латын тілі – ғылым тілі, оның сөздері жабайы әрі тұрмыстық аяда қалып қойған, ондай түсініктері болмаған қазақ тілін ғылыммен туыстастырады, ғылым тілі етеді дегендей «советтік» санасы оянып кетеді де, …

 

… шын мәнінде сана «брус»-тығы мен іштарлықтан шығып, жаны қалап тұрған ой мен сөзді қарша боратады.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Осы топта?ы ойындар мен жатты?улар балаларда заттарды? бiрден бастап т?ртке дейiнгi ?асиеттердi аны?тау?а (т?сi, формасы, ?лшемi, ?алы?ды?ы), на?тылау?а к?мектеседi. Оларды? к?мегiмен ?асиеттердi белгiлермен белгiлеуге, амалдарды ережелер ар?ылы орындау?а ж?не ереженi ?олданба?анда, д?рыс жауапты? шы?пайтынын т?сiнедi.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*