ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Екеуі екі жақа жүгіре жөнелген қос келіншек

әкімшілік 27/11/2019 2859 рет қаралды

сүйрет : Fotostrana.ru

Ыспан

 

   Қылышбек Ақбота, ТарМПУ-дың 2-күріс білімгері                                                   Байсариева Дана, ТарМПУ-дың 2-күріс білімгері

 

 

Оқыйға былай болды. Жақында ғана түскен жас келін құйғалы отырған шәйін тастай салды да, жүгіре басып сыртқа шықты. Отырған жұрт түк түсінбей, аң-таң. Тек бір орталау жастағы …

 

… абысыны оның артынан ілесе шықты да, ол енді үлкен үйге қарай жүгіре жөнелді.

 

Не боп қалды? Кім, қайда, не үшін жүгірді?

 

Сірә, бірі – өзін жайсыз сезініп, кенет құсқысы келгендіктен жүгіріп шықса, бірі – өзі байқап қалған жайды енесіне бірінші болып жеткізіп, соған тиесілі сүйіншісін сұрағалы жүгіріп барады.

 

Міне, қазақ өмірінің көптен күткен, көп боп күткен ең бір қызықты сәті, шын қуаныш, үлкен тойы осылай басталады.

 

Қуанышты хабарды естіген от анасы дереу көрші-қолаң мен көңіл жақын абысын-ажындарын шақырып дастарқан жаяды. Кейде бұл дастарқаннан бүкіл ауыл-аймақ дәм татып, «құрсақ шашу» дастарқаны, дәстүрі «құрсақ шашу той»-ына ұласады.

 

Әлдебір келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, оны екіқабат-ау деп болжайтын қазақ «жүкті әйелді жүгенсіз адам ренжітеді» деп, оны қорқытуға, іренжітуге, уайым-қайғыға салуға жол бермейді және бұл жайды басқалардың біліп жүруі үшін керегеге ақ орамал байлайды.

 

Жалпы оның  бейуақытта жүрмеу, жаман жерге бармау, жіптен, арқаннан, жолда жатқан кез келген нәрседен аттамау сыйақты жүздеген тыйымдық әрекеттерді байқаусыз жасап қоймауын қатты қадағалап отырады.

Мысалы, іштегі баланың бағы таяды, кемтар болып туады деп, әйелдің өз шашын кесу, қасын қыюына, бала кіндігіне оралып қалады деп, ине-жіп ұстауына, арқан есуіне тыйым салады.

 

Сондай-ақ әйелдің қашан да жаны жайлы, көңілі көтеріңкі жүруі үшін барлық жағдайды жасап бағады. Мысалы, оның жақын құрбыларын шақырып, «Келін көңілі» атты басқосулар өткізеді.

 

Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз, суайт болып туады деп, қалай болғанда да оның жерік асын тауып береді. Барған үйлерінен келінге деп міндетті түрде дәм алып келеді. Жүктілігі созылып кетеді деп, келінге түйе етін, бала қоянжырық болады деп, қоян етін жегізбейді.

 

Яғни дүниеге бала келуін қазақ көп болып күтеді, көп болып көтереді және бұл – жай ғана, бір реттік емес, дәстүрлі көрініс, дәстүрлі қалып. Құрығына құлын ілігіп, құрсағына бала біткен келінін қазақ атамзаманнан бері осылай күтіп-құрметтеп келген.

 

Ыйа, Алла! Бойға бәле бітпесін, бала бітсін және ол кешегі қазақ сыйақты қасиетті де, дәстүрлі елдің құрсағына түссін, құрсағында өссін!

Кілттік сөздер:

You Might also Like

7 Comments

  1. Гүлдана 27/11/2019

    Керемет жазылған! Енді жүктілікке қатысты біраз нәрсе біліп жүретін боламын! Рахмет!

    Ответить
  2. Ақбота 27/11/2019

    Өте керемет жазылған
    әрі мәнді,мағыналы…Жаңа түскен әрбір қыз-келіншек үшін пайдасы орасан болатыны анық🤗👍👍👍👍

    Ответить
  3. Аймерек 09/12/2019

    Керемет жазылған, болашақ аналарға пайдасы тиетін мақала екен 👍👍👍

    Ответить
  4. Қоян еті туралы дұрыс емес. Сонда «қасқыр таңдай» боп туған баланың шешесі қасқыр жеген бе? Қоянның етін жегеннен бала жыбырлақ болады деген ғана ұғым бар. Ал, қоян жырық оған байланысты емес. Мүмкін болса түзетіп қойыңыз.

    Ответить
    1. әкімшілік 22/05/2020

      Дұрыстап оқып көріңіз, менің ойымнан шығарылған нәрсе емес және қоянның «жыбырлақ»-қа не қатысы барын түсінбедім.

  5. Паршакул 24/05/2020

    Негізі құрсақ шашу ондай отырыс емес. Келін жерік болса не жерін білмейді. Ауылдастар бірі қуырдақ. Түшпара туралған қамыр ауқат тұзы тіктеу пиязы жоқ, манты істеп апарыу керек. Енесі дастарқан жасап келген ауылдастарды күтеді. Жерік келін қалаған тамағын жеп жерігін басады. Тұзы тіктеу пиязы жоқ қамыр ауқатты мен жақсы жедім жерік кезімде. Сол есімнен кетпейді

    Ответить
  6. Ақерке 10/08/2020

    Бала кіндігіне оралып қалады, деген сөздің де жаны бар, мен оны әйелдер босанатын үйге барғанда өз құлағыммен естідім. Мұқият болыңыздар келіншектер.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*