ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ел ішінде бір тентек жүрмей ме екен

әкімшілік 04/12/2021 311 рет қаралды

 

сүйрет : chitalnya.ru

Ыспан

 

Ійә, бір кездері шын мәні, жоғары мәндегі ел болған қазақтың мұндай да қақысы бар әрі сірә, бір ғана емес және ел ішінде ғана да емес, …

 

… қалыпты тіл ішінде де талай тентек пен телі сыйып, сыйысып жүре алса керек.

 

Мысалы, ғылымның өзі тілдегі мың-мыйлон сөздің бір қатарын арго, жаргон және сіленік деп атап, оларды :

 

… ходячее название какого-н. местного наречия, представляющегося говорящему на литературном языке испорченным, …

 

своеобразный, условный язык обособленной социальной группы, профессии, сообщества, кружка и т. п., отличающийся от общего языка присутствием слов, непонятных непосвященным …

 

… деп анықтады және өмірде оларға да орын бар дейтін тұжырым жасалғалы да қай заман!

 

Алайда осы жүз жылдық ұсақ-түйекті біле және жатқа айта, жарыса қайталай тұра, бүгінгінің оқудың түбін тескен қазағының, атап айтқанда, …

 

… «Сөзтаным»-ға қатысып, жүргізген ғылым доқтыры, кандидаттарының өз жастарымыздың «қума», «қуады», «лақтырып кетті», «жынды киініп апты» деп келетін жаргондарына сын садағын кезеп, …

 

… бұлардың тілін дұрыстап шығарған жөн, «лақтырып кетті» демей, «алдап кетті», «жынды киініп апты» демей, «әдемі киін алыпты» деулері керек /1/ дегені, …

 

… яғни өздері аузынан шыққан әр сөзін алтын көріп, қашан да табынып тұратын, тіпті әуелден табына туатын еуроғылымның өзінің тұжырымын теріске шығарғаны, …

 

… тілде де болатын аз «тентек», қалыпты жайды көп көргені …

…. бір түрлі, бүйректен сыйрақ шығарғандай болып көрінді.

 

Бір жағынан, бүгінгінің батырларының бұлай деп, етуі де көп қалыптың бірі, кәзіргі қалыптың өзі емес пе деген де ой келді.

 

Сондай-ақ нағыз қазақ, шын қазақшыл саналатын Абай теле арнасының өзі де «Бекен Қайратұлы, журналист», «Лаура Дәуренбекова филология ғылымдарының кандидаты» (осы хабарынан) деп жазады.

 

Сірә, жастардың дұрыс сөзін бұрыстап әуре болғанша, «жұрналшы», «филология ғылымының» деп, өздерінің осы қыңыр-қыйсықтарын түзей жазып-айтса жөнірек болар ма еді деген де ой келеді.

 

  1. «Сөзтаным» //ABAI т/а, 03.12.21-күні көрсетілген саны
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*