Еш себепсіз өзін-өзі аралап, шырыл қаққан жан, шіркін!

Ыспан
Мұсылман болу әсті-әсті дегендей, айлардан ай, жылдардан жыл өтіп, 150 жылдай өзгенің илеуінде болған қазақ күндердің күнінде тәуелсіздігін жариялап, онан соң тілін мемлекеттік етіп, мұнымен де шектеліп қалмай, тағы бір кезегі келгенде …
… «-ов», «-ев»-ке бітетін тегін де өзгертпек болады. Бәрі дұрыс, бәрі де жөнімен жүріп жатқандай-ақ.
Алайда қай шыбынның шағып, не түленнің түрте қалғанын кім білсін, әдетте қазақпен тілегі де, жүрегі де бір Мұқаң аяқастынан нілдей бұзылып,
-ОВ; -ОВА-мен жүргендердің санасы «құлдық» па ? Олар «мәңгүрт» пе ? Ал, жанталаса жүріп өзгерттік дейік … МҰХАМБЕДИЯ АХМЕТТӨРЕҰЛЫ АХМЕТ … .(Мұамбедия Ахметтөреұлы ма? әлде, Ахметтөреұлы Ахмет бола ма?)
«Құлдық сана» —ОВ құрыса құриды дегенге 100 процент келісу қиын.
Қарғадан – бұлбұл, Қашырдан – дүлдүл шықпайды. –ОВ, -Ев, -Ёв –ты алып тастап сананы өзгертем деу – шарлатанство [1] деп шақшадай басын шарадай-ақ қылыпты.
Шынын айту керек, мұндайды әсіресе Мұқаңнан күтпегенбіз және неге ғана бүйтті екен, біз біліп-аңдамай жүрген тағы не бар еді деп әлі де таңбыз.
- Мұамбедия Ахметтөреұлының жеке парақшасынан, 2019-ж.