Ет жеу ғана емес, ет деу де керек-ақ

сүйрет : Tula.mk.ru
Ыспан
Ет жеуден қазақ — бірінші, қасқыр — екінші орына алады дейміз. Сірә, сөз/деуден, сөйлеуден де кенде емеспіз. Дегенмен, жылқының еті түсіме емес, тісіме кірсін десеңіз, …
Бірде етхана (мясной салон) ішімен келе жатып, баранина, говядина, келіңдер, алыңдар деп жар салып тұрған бір апайға, баранинаңыз не, қазақша айтпасыз ба дегенім сол-ақ екен, апайым жалт бұрылып:
– Әй, айналайын! Дауысым қарлығып, осының өзін әрең айтып тұрғанда, қойдың еті, сыйырдың еті деп бір сөзді екі қылып тұрайын ба, қазақшалағыш болсаң, қайда жүрсің, әлде сен қазақшалапсың да, мен айтпаппын ба деп өзіме дүрсе қоя берген еді.
баранина – қой ет – қойет
говядина – сыйыр ет – сыйырет
гусятина – қаз ет – қазет
зайчатина – қоян ет – қоянет
лосина – бұлан ет – бұланет
лососина – албыр ет – албыртет
медвежатина – аю ет – аюет – айұует
мойва – шабақ ет – шабақет
поросятина – торай ет – торайет
псина – ит ет – итет – ійтет
свежее мясо – жас ет
телятина – бұзау ет – бұзаует
1-мақала, жалғасы бар
*Мақаланың толық нұсқасы «»Мясо пр-казахский» деп осыны айт!» деп аталады.
Ұсыныс бізден, қолдау, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!
жалпы астарына үңілсек үлкен мән бар,ойланатын жағдай екен.