«Катонқарағай» «қой қора»-дан шыққан ба?

Ыспан
Сірә, «катон»-ның «қатын»-нан шықпағанын дәлелдеп, сол негізде-ақ «қатын»-нан шықпаса, «қотан»-нан шыққан да деу, дей салу жеткіліксіз. Оның неден, қалай шыққанын қолмен қойғандай етіп көрсету, көрсете білу керек.
Ал …
… «Қой қораны дөңгелектей қоршағандықтан қотан деп атаған. … «қой қорасы», «қыстау» мәнін береді» [1].
«Ол сөз қазақта қора деген мағынаны білдіреді. Ертеде Катон таможня жұмысын атқарған. Яғни малды Моңғолиядан иіріп айдап алып келеді, қарағайдан жасалған қотанға кіргізеді» [2]
дегендерге қарағанда бүгінгі «Катонқарағай» жерінде бір кездері кедендік қоралар болып, жер аты содан қалған деп түсіндірілетін сыңайлы.
Алайда «малды айдап келіп, қарағайдан жасалған қораға қамағаны» үшін-ақ жердің, бүкіл өңірдің аты «Қотан» аталуы күмәнді көрінеді. Үйткені мал жүрген, қой жатқан жердің бәрінде қотан болары анық. Яғни ол ерекше, атау етерлік, жерат боларлық белгіге жатпайды.
Екіншіден, ол қораны тағы қарағаймен байланыстырып, «Қотан Қарағай» демесе керек еді.
Үшіншіден, «қотан қарағай» «қарағайдан жасалған қотанды, қораны» емес, «қотан тәрізді қарағай» дегенді айтып тұр.
Алдыңғы және келесі мақалалар
- 1. «Катонқарағай» «қатын» сөзінен шыққан ба? — http://turki.kz/katon-ara-aj-dy-aty-n-s-zinen-shy-aru-a-ne-negiz2. «Катонқарағай» «қой қора»-дан шыққан ба? — http://turki.kz/katonqaraghaj-qoj-qora-dan-shyqqan-ba
- Бияров Б.Н. Өр Алтай (оңтүстік Алтай) оронимдері, ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, А., 2000
- Ашимхан Даулет Әлеуметтік желідегі посты, 24.08.18