Кім атты? Кімді атты? Неге атты?

cүйрет : Oum.ru
Ыспан
Бақтығұл Жараспайды атты!
Жұрттың бәрі жүз жыл бойы, жүз жылдан астам уақыт осылай ойлап келді. Үйткені …
… осылай деп жазылған еді.
Ал шындығында Бақтығұл емес, Әруақ атты! Құдай атты!
Және Жараспайды, Жараспайды ғана емес, сол сыйақты әлдебіреулерді де атты.
Не үшін атты?
Белгілі тарихшы Смағұл Оразақтың жақында ғана жарық көрген ғылыми дәлелімен, сөзімен айтсақ, қазақтың ата-баба, түп-тұқыйанына ең кемі 4 мың жыл бойы …
… тұрақты мекен болып, құт болып келген жерді,
… солардың тері тамып, сүйегі қалған, мазары тұрған жерді
жат жұртқа сатқаны, сатқандары үшін атты.
Бақтығұлдың қолымен атты.
Ійә, оқтаулы мылтық бір атылмай қалмайды. Тек ол оқтаулы болуы тиіс.