Көп асаймын деп қоқыс асау тәсілі

сүйрет : pikabu.ru
Ыспан
2021-жылдың 31-желтоқсаны. Таңертең тұрып теледидарды қосып қарасам, …
… орыс теле арналары бірінен-бірі өте орысша әндетіп, татар теле арнасы да татарша әндердің бірінен соң бірін төгілтіп жатыр. Өз ой-сезімдерінің көрінісі дерлік әндері де, үстеріне ілген сәндері де өздеріне жарасып-ақ тұр.
Ал ABAI TV-сында «Отырар сазы»-ның кәнсерті өтуде екен. «Отырар сазы» делініп, бір жартысы домбырасын сабалап отырғанымен, киім киістері басқаша, еуроша сыйпат алыпты.
Ең бастысы – сағат бойы қастарын кере, тамақтарын кеней салған әндері шетінен италша, испанша, аңғылша болды.
«Жыланның ғана тілі айыр, ал адамның тілі біреу-ақ» деген Шерағаң сөзіне сенсек, бұл қазақ әнпаздарының өз әндерін айтып-тауысып-бітіп, жетер жеріне жеткізіп болып, енді басқаға ауыз салғанындай, әлемді аралай бастағанындай көрінді.
Ійә, Алаштықтардың «Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр, Мына ойда қазақ тұр, Қастарында азап тұр» дегені кеше ғана еді.
Міне, елу жылда ел жаңарды. 19-ғасырдағы қалыс та кеше қалыбынан арылып үлгерген қазақ бүгінде орыс пен татардан да асып, еуро елдердің өзінің алдында кетіп баратқандай.
Тек өзбектің «жыртыл, қазақ, жыртыл» дегені келіп, италшаны айнытпай айтпақ болып ірезіңкеше созған езулерінің тігісі әлде тоқуы сөгіліп кетпесе игі еді дегім келді.