ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Лаңкестік пен даңкөстік

әкімшілік 12/03/2022 550 рет қаралды

 

сүйрет : politnavigator.net

Ыспан

 

Тілімізде бұрыннан болған және талайдан бері тұтыныла да бастаған «лаңкестік»-тің не екені кім-кімге де таң болмас. Ал «Әдеби» деп әспеттеле аталған Бас сөздіктен орын тимей әлде жетпей қалған «даңкөстік», …

 

… «даңкөс» дегендердің де тілде, әсіресе қызыл тіл мен ділде болғаны мен әлі де барына күмән жоқ.

 

Құлағына бұрын кірмей, бүгінде сыймай, қазақ тілінде бұған дейін болған әлде жаңадан жасалған сөзге келгенде тіксіне қалатындар үшін айтайын, бұлар у-шу, айғай-ұйғайды білдіретін «даң» мен Бас сөздік /1/ шіркінде тағы да көрінбей қалған «көс» (аңкөс) дейтін жұрнақтан шыққан.  

 

Ал әңгіме қаңтардың күндері мен гүлдері жайлы. Елбасы бұл жыйырма әлде пәленбай мың лаңкестің бастап, қостаған, арада жүріп айтақтаған бүлігі десе, әлдекімдер қайдағы бүлік, қайдағы лаңкес, бұл жай жұрт, жай жастың биліктің бүлік істеріне қарсы бейбіт жүрісі еді, көшеге шыққан солар  еді дейді.

 

Екінші бір ретте Елбасы пәлен адам, сақшы өлді, мүлік қыйрады, дүкен тоналды және бұған жас пен жай жұрттың да қатысы бар деп, оларды ұстатып, тергетсе, әлдекімдер жоқ, бұған жастың түк қатысы жоқ, неге ұстайсың, неге тергейсің, бәрін бірдей босат дейді.

 

Ал үшінші бір ретте емхана басшысы мен өкілдері бір-екі жаралы қашып кірді, тағы бір-екі жүре алмай қалғандарын өзіміз алып кіріп, жасырып қойып едік, ізінше қуып келген әлдекімдер белінен шойырылып, төсек астында тығылып жатқандарды тауып алып тепкілемек болды дейді.

 

Сонда бүкіл қаланы отқа орап өртегені былай тұрсын, мылыйса байғұстарды осыншалық өшпенділікпен қоршап алып, қуып жүріп тепкілегендер кім?

 

Әлдекімдер қатысып-ұйымдастырғанын жоққа шығарған, яғни ізі-түзі де болмаған лаңкестер ме әлде тағы да әлдекімдер бейбіт шерумен ғана шектелді, еш айбы жоқ дейтін жастар, яғни даңкөстер ме?   

 

Сондай-ақ осы жер, осы оқыйғадан «даңкөстік»-тің кім-көрінгеннің шап, тона, қыйрат дейтін айтағына атылып ала жөнелетін, өзім кіммін және кімді, не үшін ойрандауым керек деп ойланбайтын ойсыздық, шаш ал десе, бас алғыш тобыр дейтін мәні де шығады.

 

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2011

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*