ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Дүниетаным

Маймылдың тілі

әкімшілік 18/04/2018 1211 рет қаралды

(үзінді)

Американың Гарнер деген бір профессоры маймылдармен сөйлесіп үйренген. Ол үшін Гарнер маймылдардың қасына фонограф қойып, бос уақытында маймылдардың не дегенін тыңдаған және әр сөзін ажыратуға тырысқан.

Профессор бір күні көптен бері бірге тұрған ерлі-зайыпты екі маймылды екі бөлмеге  бөліп қойып, әуелі ұрғашы маймылға, онан соң еркегіне айрылған жұбайының сөзін тыңдатқан. Еркек маймыл әуелі таңқалып, артынан өзінше жауап қайырған.

Сондай тәжірибені бірнеше рет істеген соң, Гарнер маймыл тілінде үнемі сөйлесетін дыбыс бар екенін, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қосып айтуға болатынын аңғарған. Басқаша айтқанда, бір маймылдың неше сөздерін үйреніп, қиын да болса адамға айтуға келетінін білген.

Мұнан соң Гарнер бірқатар сөздің мәнісін үйреніп, айта алатын болған. Ең әуелі түсінген сөзі – сүт болған. Сол сөзбен маймылдар кез келген сусынды атайды екен.  Сонан соң маймылдардың тамақ, қол, күн дегендерді қалай айтатынын білген. Хайуандар күн деген сөзді көп айтады екен: күннің райы хайуан тұрмысына өте керекті болса керек.

Жеті жыл оқыған соң, Гарнер енді маймылмен ауызба-ауыз сөйлесуге бел байлаған. Әуелі, маймылдар таңқалып, артынан қуанған белгілер білгізе бастаған. Профессор үйренген бір сөз қауіп, өлім, яғни қорқынышты нәрсе дегенге келеді екен. Әбден қолға үйренген бір маймылдың алдына келіп, әлгі сөзді айтқанда, маймыл қорыққаннан қалтырай бастаған: маймылды әрең жұбатып тынышайтқан, екінші рет айтқанда, әлгі маймыл шошып кетіп, тордың бір алыс бұрышына барып жасырынып қалған. Әлгі сөзді үшінші рет естігенде маймылдың қорыққаны сонша – оқымыстың қолынан тамақ алып жеуді қойып, үстін де сипатпайтын болған.

Бұл өз қолында өскен маймылдың тілін оқып, Гарнер 8-9 басты дыбыстары бар екенін, ал қалған дыбыстары түрліше екенін және 35-ке шейін баратынын білген. Маймылдың әр тұқымының тілі әр басқа. Бірақ, бір торға қамап қойса, әр тұқымы әр тілде сөйлегенімен де, тез арада бірін-бірі түсініп кетеді екен.

А.М.Никольский мақаласы, 

А.Байтұрсынұлының «Оқу құралынан»

(Бес томдық шығармалар жыйнағы, А., 2004, 2-т., 480 б.)

 

сүйрет: moya-planeta.ru

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*