Әмеңгерліктің нәпсіқұмарлық емес астары

сүйрет : Gr.pinterest.com
Ыспан
Өкінішке орай, жұрт әмеңгерлікті аға өлсе, іні мұра дейтін әдемі сөзбен «бүркемеленген» қатынқұмарлық, дүниеқорлық қана деп түсінеді. Алайда, бұл бабам қазақтың
– «қазақ байыса қатын алады» делінетін қатынқұмарлығы, қатынжандылығынан,
– қалыңмалы төленіп қойған әйелді шығын шығармай, иелену мүмкіндігіне әуестігі әлде бейілдігінен,
– ағаның дүние-мүлкі, атаның малы басқаға кетіп қалмасын дейтін дүниеқорлығынан, малжандылығынан
ғана емес, бірінші кезекте
– атаның ұрпағы, ағаның баласы басқаның есігінде жүріп, жат болып кетпесін немесе бөтендігі бетіне басылып, күшігінен таланып өспесін дейтін текшілдігінен,
– бір кездегі ағаның жары, қадірлі жеңгесі басқаның қатынына айналмасын, қорлығын көріп, аяғының астында жатпасын дейтін арлылығынан
болса керек.
Әкесі Құнанбай бірден-бір және басты кемшілігі – орысшылдық, жайпақтық, көпшілдік санаған Абайдың өзі, сірә, осы дәстүр үшін ағасы Тәкежанмен әмеңгерлік таласына түсіп, ақыры Оспанның жас қатынын алып алған.
Алайдың таласқанын бірінші рет есті п отырмын.
Мүмкін нмес.кітапта ондац тартыс жоқ.Еркежан туралы айтвп отырсыз ба
Абай да сіз бен біз сыйақты адам ғой. Әрі ол кезде әмеңгерлік қақысын пайдалану ұят нәрсе емес, дұрыс нәрсе саналған. Керісінше, одан бас тарту жайын түсіндіру керек болған болса керек.