Надан – надан-ақ сан қылса

сүйрет : myslide.ru
Ыспан
Қызылордадағы әлдебір оқу орнының іректірі болған, бүгінде Сенатыр, сөйлеген сөзі де дұрыс-ақ әрі басты мәселе …
… тілде, тілдік бірлікте деп отырған бір ғалым өзінің ғылыми дәрежесін Саяси ғылымдарының докторы деп жазғызды /1/ әрі мұны АБАЙ теле арнасы да дұрыс санаса, тіпті өзі бастап солай жазатын болcа керек.
Осының артынша, яғни шамасы 10:30-да /2/ болған Жәдігер дейтін хабарда Бауекеңнің сүйретшілік өнері туралы хабарды жүргізген Жарқын жұлдызды киноәртіс те Бұл Бауыржан Момышұлының Чемоданы деп сөйледі.
Біріншіден, қазақ атамзаманнан шабадан деп келеді. Екіншіден, қазақ тілінде Ч дыбысы жоқ. Үшіншіден, қазақ сөзі мүмкіндігінше бірыңғай жуан немесе жіңішке болады. Яғни Е мен О бір сөз бойында тұра бермейді. Төртіншіден, екінші буында О дыбысы болмайды.
Жүсіпбек Қорғасбек те өз хабарында /3/ журнализм дейтін жоқ жерден тауып алған жаңалығын бір емес, бірнеше рет қайталап, одан ол сөзді қағып ала қойған жазушы, ғалым да құр қалмай, бір-бірден айтып шықты және үшеуінің де екі сөзінің бірі журналист, журналистика болды.
Әдетте басқаны арба сүйреген жұрт деп таңбалағыш зиялы көкелердің жұрналшы, жұрналшылық деп өз аты мен кәсіптерін дұрыстап айта алмай, теледидар тетігінде отырып алып, бүкіл қазаққа жат сөзді насихаттап-таратуының басты себебі іштеріне ұялап алған жылтыраққұмарлықта, мүмкін болған жердің бәрінде қалай да жылтырап қалу, жылтырап көріну ниетінде жатса керек.
Ал ғұлама және тіл тазалығына бірінші жауапты жұрналшы мен теледидардың жазғанына келер болсақ,
Біріншіден, саяси ғылым болуы мүмкін, ал саясИ ғылымдары деген қазақ тілінде мүмкін емес, дұрыс емес нәрсе. Үйткені саясИ деген анықтауыш тұлғалы сөз ғылымдарЫ түрінде тәуелденгелі тұрған сөзді тәуелдей алмайды. Тәуелдей алуы үшін ол саясат, саясаттану сыйақты зат есім тұлғалы болуы шарт.
Екіншіден, арнайы қажеттілік болмаса, қазақ тілі орыс тілі құсап нәрсені, оның атауын көпше тұлғамен бермейді, жекше атайды, атау етіп атайды және тіл үнемділігі де осыны талап етеді. Мысалы орыс құсап академия науК, кандидат науК демей, ғылыМ академиясы, ғылыМ кандидаты деп сөйлейді. Надандықтың бірден-бір белгісі – тілге, сөзге, әдебиетке басты жауаптылардың бәрі әлі күнге өздерін «ғылымдарының докторы» деп таныстырады.
Үшіншіден, докторы емес доқтыры болады. Үйткені қазақтың жүздеген жылдық сөйлеу дәстүрі, сөйлеу, дыбыстау мәдениетіне салсақ, тағы айтайық, бірінші буыннан басқа буында О дыбысы дыбысталмайды. Қашан да сөз аяғы қысаңдана аяқталады. Тіл, дыбыстық тіл дегеннің көрніс беруінің бірден-бір құралы – ауыздың өзі, қалыпты сөйлеу тіліміз әлі күнге докторы демей, доқтыры деп айтады. Орыстың дәрігер докторын да қазақ алғаш естіген сәтте-ақ доқтыр деп таңбалаған.
Төртіншіден, саяси ғылым дейтін де ғылым жоқ, саясаттану ғылымы бар. Қазақтығы да, ғұламалығы да басқадан артық болмаса, кем емес деп ойлайтын, деп санайтын, деп айтатын әрі 30 жылда 30 ауыз сөз үйренбеді деп басқаны сынағыш жүздеген саясаттанушы ғалым өздерінің бірден-бір аты мен жеп отырған нанын, яғни осы бір ауыз сөзді түзеп алса болар еді.
Амал не?! Абай атамыз Наданға арам ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек – Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек – Наданның сүйенгені көп пен дүрмек деген. Болмайтын нәрсе болмайды-ақ!
Яғни мұның бәрі – өзіндік ойы, сөзі болмау, өзі ойланбау, анасының жатырынан-ақ орысқа, орыстың аузына қарап, орысқа табына туылғандардың сол орыстан көшіре сөйлеу, көшіре өмір сүруінің бірден-бір белгісі. Әрі бұл сірә, қазақты қарық қылып жатырмын деп отырған теле арнаға, қазақ теле арналарына да тиесілі.
Сондай-ақ осындай қарапайым-ақ қатаның құмырсқаша қаптап жүру жайының өзі сөз жүзінде қашан да тілшіл, ділшіл болып тұратын қайраткер қасқалар іс жүзі, шын мәнінде бұл мәселеге асқан немқұрайдылықпен қарайтынын, бар ойлары ішіп-жеу, ойнап-күлуге ауып тұратынын, ауып кеткенін көрсетсе керек.
- ABAI TV, Сарасөз //09.05.22, 10:00 – 10:30 арасында өткен хабар;
- ABAI TV, Жәдігер //09.05.22, 10:30-да басталған хабар
- ABAI TV, Үркер //10.05.22, 10:35