Нұр-Сұлтан – астана ғана емес, жөн істерге бастама да

сүйрет : 1obl.ru
Ыспан
Белгілі блогер Мухамбедия Ахмет-Төре көке өзінің жеке парақшасында …
… Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығы тіл, термин мәселесіне арналған онлайн-семинар өткізді деп, содан түсірілген сүйретті салыпты [1].
Сірә, мұны әлдебір шетелдік көріп-оқыса, қазақ ғалымдары тіл мәселесіне үлкен мән береді, оларда Тіл саясаты дейтін арнайы комитет бар екен деп әжептеуір қортынды жасар еді. Тек, соңғы отыз жылда мұндай, мұнан да өткен жыйынның мыңы өтіп, олардан тілге де, ділге де бір тыйын пайда болмағанын ол қайдан білсін!
Ал мұншалық жыйын өтсе де тіл неге түзелмеді?
Үйткені, ол жыйындар тілді түзеу үшін емес, бірінші кезекте Комитеттің жұмыс жоспарында, арнайы бағдарламада тұрғаны, қарастырылғаны үшін және жыл сайын қазындан бөлінетін мыйлондаған қаржыны өздеріне тиімді етіп жұмсау үшін өткізіледі.
Мұндай түк пайдасы жоқ іс-шара бағадарлама, жоспарға неге кіргізіледі?
Үйткені, ол бағадарлама-жоспарды жасаушы, бекітушілер бұл мәселеге әуелден үстірт қарайды және бар білетіндері де сөздік әлде кітап шығару, жыйын өткізу, фестиваль ұйымдастырумен шектелетін болады.
Олардың білігі неге сонша шектеулі болады?
Үйткені, бұл атағы дырдай комитет, басқарманың басшы-қосшылары әдетте тілдің ішкі-сыртқы дүниесінен, оны ресми, бүкілхалықтық қолданысқа енгізу жайынан толық бейхабар жұрналшы, әдибетші, әнші, күйші, биші болып келеді.
Мысалы, олардың тіл мәселесінен титтей ғана хабары болса, тілді, терминді түзеуден бұрын Кеңестен қалған қазақ тілін отыз жыл бойы бұзып-талқандаудан жарысып келе жатқан қазақ теледидары мен киносына, жарнамалық, жарқағаздық (афиша) ақпаратқа тыйым сала білуі, іс қағаз бен оқулық тілін қалыпты, қатасыз ете алуы және осының бәрі бірінші кезекте еліміздің жүрегі – Нұр-Сұлтаннан бастау алуы керек-ақ.
- Мухамбедия Ахмет-Төренің жеке парақшасы, 30.11.19, 06:00
Елордамыздағы әкімшілікте Тілдер департаментін басқарып отырған басшының мамандығы «музыкант» екен. Сөз жоқ!!!
Бір келелі жиналыста астанамыздың Тілдерді басқаратын басшы қатыспады. Елімізге белгілі мемлекет қайраткерлері қатысқан жиында «төбесін де» көрсетпегеніне қарап, осы басшы «өз нанын адал жеп жүр ме екен?»-деген сұрақ көптің көкейінде тұрды. Жөн сұрастырсақ, 3 әкімді» ауыстырған» бұл басшы өзі «нығматуллиндердің досымын»-деп мақтанып жүреді екен. Тәубе, біздің облыста Тілді білікті маман басқаруда
иа біздің басшылардың әділ болуы керек. Шариятта да Тарихатта да бар он адамды басқарған адам әділ және кіші пейіл болмаса тозақта дар ағашында өмір бақи тартыла береді. тартыла береді