ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Ол бүлік пен бұл бүліктің бағасы

әкімшілік 12/03/2022 412 рет қаралды

 

cүйрет : fotkaew.ru 

Ыспан

 

Ол бүлікте біз жыйырма бестегі жігіт ек және одан екі-үш жыл бұрын-ақ Ғылым Акдемиясы жастарының жатақханасында  кешқұрым жыйналғанда айтылатын әңгіменің бәрі ұлт мәселесі, қазақ жайы болатын.  Ал …

 

… желтоқсанның 16-сы бәрімізді бір серпілтті. Тіпті орыстілді бөлмелесімнің өзі бұл жайды міндетті түрде түсіріп алуым керек деп, 17-күні таңертең фото құралын алып көшеге кетті. Өзім де күні бойы көшені көрумен жүрдім.

 

Өткен күні кеште қарусыз жастар мен қарулы күштердің тайталас-арпалысымен басталып, аяғы қырғынға ұласқан алаңға кіру мүмкін болмағандықтан, бұл күні қазақ әндері, Қазақстан әнін әндеткен үлкен топ Алматының орталық шаршысын айналып жүруді ғана білді. Содан қара кешке дейін ешқандай ұрыс-керіс, тартыс-жұлыс болмады да.

 

Тек кеш сарғая аяқжолда өз бетімен кетіп бара жатқан, қайтып бара жатқан бір-екі кісіні көрген мылыйса шіркіндер мәшинесін тоқтата қойып, бассалып, ұрып-тоқпақтай алып кететін еді. Сірә, оларға да жоспар керек, жан керек, үйде отырған жандарын бағу керек болғаны.

 

Дегенмен, теледидар мен үнжарияңыз қазақ жастарының әлдебір орыс бала-бақшасына басып кіргені, бәрінің арақ ішіп, наша тартып алғаны туралы айтумен болды. Айтып қана қоймай, мұндай мәнді хатқа бүгінде де қазақтың қайраткері болып жүрген әртіс, әнші, әдебиетші, тағы да басқа шал-шауқандары жақсылап тұрып қол қойып берді.

 

Ійә, әуелі Ресей, онан соң кеңестің 60-70 жылдық бұғауынан шыққан желтоқсанның жыйырмасы мен отызы «союз нерушимых» деп аталатын жаһандық өкіметке қарсы айбат шегіп, қол көтерді, тас атты. Бірақ оның бірде-бірі Алматыға тимеді. Бірде-бір терезе сынбады, бірде-бір адам тоналмады, бірде-бір мылыйса өлмеді, таяқ та жемеді.

 

Қалай дегенмен де, олар осындай болды, осындай деңгейде тұрды. Ал бұдан 30-35 жылдан соң Тәуелсіз Қазақстанда өсіп-өнген қаңтар айының қай деңгейден көрінгенін бәріңіз білесіздер.

 

Ал бұған, ілгері басу орнына кері кетуге кім кінәлі? Семейдің қаласы ма, қазақтың аласы ма? Әлде бәрін бір ғана байғұсқа жаба салып, қалғанның бәрі сүттен ақ, судан таза  дейміз бе?

 

Сондай-ақ билікке, мылыйсаға деген мұншалық өшпенділіктің туып-қалыптасуы қаңтар аязының ызғары ма, әлде бұл ол күш, ол шіркіндердің елге жасаған 30 жылдық жалындаған «жұмысы» мен билеп-төстеуінің жемісі ме?

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*