Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең

сүйрет : Murchim.ru
Ыспан
Қазақ ғылымы емес, қарапайым халқымыз бен тіліміз, сірә, бұдан мың әлде одан да көп жыл бұрын айтып та, атап та қойған …
… ауызомыртқаны – первый шейный позвонок,
жұлынды – спиной мозг,
мыйды – головной мозг,
ұйқы безді – поджелудочная железа деп, …
… осы күнгі оттекті немістің sauerstoff-ын сөзбе-сөз орысшалап, кислород дейтін,
яғни оттың тегі, жануды қолдаушы дегенді қышқылдың тегі, қышқыл тудырушы, қышқылдықтың негізі деп жаңсақ түсініп, …
… бұл тектес бірталай жаңылыс сөз жасаған күні кешегі орыс ғылымы, орыстың, Ломоносов-Пушкиннің тілі бүгінде әлемдегі ең жетік ғылым, ең жетік тілдің бірі саналады.
… Қасқа айғырдың құлыны қасқа тумаса да, төбел туады деген ғой, өзін күшігінен талап өсірген көкесінен қалсын ба, …
… балконды «қылтима» депті деп күле әлде табалай жөнелуге қашан да дайын тұратын қазақ қайраткерлерінің үлкен парасы да …
… орыстың қарын астындағы деген түсінікті поджелудокная дей алмай, поджелудочная дегенін сөзбе-сөз қабылдап,
поджелудочная железа – қарынша астындағы без,
спинной мозг – арқа ми,
головной мозг – бас ми деп, қайта қазақшалап келеді.
Қазақшалап қана қоймай, ғылымға өмірде, яғни адамның ағзасында жоқ әрі қазақ тілінде де болмаған
…қарынша, бастың миы,арқаның миы дегендерді енгізіп жүріп, …
… олар да өздерін ауыл-аймақтық пен қазақтықтан баяғыда-ақ асып кеткен еуродеңгейлі ғалым санайды.
Әрі мұнымен де тоқтамай, тілі, ділінен жұрдай болып отырып-ақ өздерін қазақтық мәдениеттің де басты, бірінші өкілі көреді.
Ол күшіктен бұл күшіктер қалсын ба, сірә, орыстың …
… «из подзащитников» дейтінін «қорғаушылардың астынан соққы жасалған екен» (Ювентус – Барсеолон ойыны, 06.06.15) …
… деп соғып, деп аударатын қазақ теле жұрналышлары да – өз ойларында да, үлкен өмірде де нағыздардың нағызы.
Ал дұрысы – «қорғаушының тасасынан» болар еді.
Алдыңғы және келесі мақалалар
- Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
- «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
- «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
- «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
- Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
- Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
- Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
Зб, не жазғансыңдар…жұлмалап айтқың келген ойды түсінікті, құрап жазсаңшы.