ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Орыстың бір өтірігін қазақ екі, тіпті үш етет

әкімшілік 30/12/2020 523 рет қаралды

сүйрет : News.obozrevatel.com   

Ыспан

 

Қай ғасыр, қай мыңжылдықта екенін бір құдай білсін, әйтеуір өте ертеде, осы  күнгі Шелек өзені болмай, бүгінгі арнасымен ақпай, сірә, Алатаудың аржағына ағып жатқан заманда …

 

… бұл өңірде бір ашуы қатты, мінезі шат-шәлекей Шелек деген батыр болып, тұрып, одан кейініректе пайда болғандай әрі бұрқ-сарқ еткен ағыс қатты өзенді  жұрт әлгі батырға ұқсатып, Шелек деп атап кетіпті.

 

Бұл – Шелек атауы қайдан шыққан дегенге берілген жауаптың бір нұсқасы, дәлірек айтсақ ертегі.

 

Біздіңше, әуелі адам болып, онан соң барып жер, су пайда болмайды. Өмірінің елеулі бөлігі ат үсті, көші-қонда өтетін қазақ әлдебір жерге келгенде немесе оның тұсынан өтіп бара жатқанда  туылған балаға, «батырға» сол жердің атын беруі мүмкін.

 

Ал Шелек атауы Бас сөздікте 1. Су бойында өсетін жіңішке әрі солқылдақ бұта, 2. Тал туысына жататын аласа бұта [1] деп түсіндірілген әрі осы өзен бойында молынан кездесетін Шілік сөзін орыстың Чилик деп бұрмалай, өз тіліне бұра айтып (ол кәдімгі су тасыйтын «шелек»-ті де осылай айтады), жергілікті қазақ осының салдарынан өзінің әуелгі Шілігін ұмытып үлгеріп әрі орыстың бұрыс сөзін «шелек»-тен шыққан деп қалып, осылай, осы негізде түзете, қазақшалай айтуынан туса керек.

 

Екіншіден, әуелгі Шілік жиі айтылуы, ашық дыбыстың қысаң дыбыстан гөрі айшықтылығы себепті, яғни орыстың Чилигінсіз-ақ Шелек болуы да мүмкін.

 

Өкінштісі – жерімізге келе қалған әлдебір орыстың тілі келмеуі себепті әлдебір сөзді олай етіп өзгерте айтып қалып, қай кезде де оған еліктей сөйлеуге бейім тұратын жергілікті жұрт, ол да оны онан ары өзінше өзгертіп, сәл өзгертіп, алай деп кетіп, бүгінгі қазақ ғұламасы бұны үстірт долбарлап бұлай болған деп жүрген адас сөз, жер-су аты өте көп.

 

Ал жер-су ат дегеніңіз – ауыздан шығып, ауаға жазылып қалған  тарих, ауызша тарихтың бір түрі, нақ түрі ғана емес, табиғат тану, дүние тану, ел тану, өзіңді танудың да өзі және көзі ғой.

 

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 том, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*