ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Отан оттан ыстық па?

әкімшілік 01/06/2021 638 рет қаралды

сүйрет :Bodaybo38.ru 

Ыспан

 

Біреу, әлдебіреу емес, осы күні билік басында жүрген қайраткер-игі жақсылардың өзі ішіндегі аң-құсын ашық алаға шығару үшін-ақ онша-мұнша орман-тоғайды өртеп, өртетіп жібереді және өртегіш, от қойғыш қатары мұнымен бітпейді. Айталық, …

 

… Мухамбедия Ахмет төре ағамыздың:

 

«Төркіні орыстікі емес сөздерден туындап, санамызға сіңіп кеткен ғылыми терминдерге «азан шақырып ат қою» мода болып кетті»,

«Атың шықпаса жер өрте» дегенді орындап авторлық атақ алам деме»,

«Атақты бола қалғың келсе бүкіл әлем ғалымдары ғасырлар бойы өзара түсінісіп келген ғылым тілі — терминдердің орнына түгелдей су жаңа қазақша сөз ойлап тап»,

сүйтіп «сөз ойлап тауып өзгертсеңіздер «атақты» болып шыға  келесіздер»

 

деп бір емес, біренеше қайтара айтып, жазып жүргеніне қарағанда  мұндай жерді ғана емес, тілді, ділді өртеп, қайлай да атын шығарып, атақ алғысы келетіндер тіпті де көп.

 

Әрине, ат шығару үшін әрекет қылу дұрыс емес.

 

Дегенмен, біреу – мына орыстанып-орманданып кеткені аздай, енді араптана да бастаған заманда  әлдебір шетел сөзін  қазақшалап, біреу де болса, қазақша сөз жасап атын шығармақ.

 

Ал екінші біреу, әсіресе кешегі оқымысты қазақтың бәрінің-дерлік сүйіспеншілігіне бөленген латын-грек сөздерін қазақшаламақшы болғандарды «сын» садағына алып, атқылап атын шығармақ болады. …

 

… Қылыш тілін қайрап алып сол «лжепатриот»-тың соңына түседі. Студент кезінен маңдайына шегеленген латын тілі мен сөзін қорғаштап, осы уақытқа дейін белсіз де бедеу болып келген қазақ тілінің өз ішінен шығуы тиіс ендігі сөздерінің тамырына балта шабады. Болашағын бұлыңғыр етеді.

 

Яғни екеуі де атын шығармақ. Бар айырмасы –  кімнің нені өртеп, нені өркендетпекші екенінде ғана. 

 

Негізі — өмір болған соң біреу білмегенді біреу біліп, біреу бір нәрсені, екінші біреу екінші нәрсені артық я кем білетін болады.

 

Қоғам және саясат болған соң біреудің білгені немесе бір білік артық я кем саналып, марапаталып әлде датталып отырады.

 

Адам болған соң әркім өз білігін қымбат көріп, қымбатқа сатқысы кеп, сол арқылы өз бағасын асырып-бағады.

 

Мысалы, кешегі кеңестік қоғамда және сол санаға әлі де белшемізден батып отырған бүгінгі таңда да еуролық атаулының бәрі артық, таңсық, ал қазақтық дегеннің бәрі қаңсық, қалдық саналды және саналуда да.

 

Мысалы, бүгінгінің молдасы қазақтың ең кемі мың жыл бойы «Алла, Алла-тала», тіпті «Алда»  (Х.Досмұхамедұлының мысалы) деп келгенін «Аллах, Аллах-тағалақ» деп, осы арқылы ол да өзі бағасын аспандатып қалғысы келеді.

 

Яғни әр бақа өз шалшығын мақтайды. Тек ол шалшықтың біреуі – шет тілі, дұшпанның тілі де, екіншісі – өз тіліміз, «нұрлы күннен мұра боп қалған баба тілі».

 

Кілттік сөздер:

1 Comments

  1. Дөп айтыпсыз

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*