Өзім қара болсам да қыз таңдаймын

сүйрет :1366×768.ru
Ыспан
Сірә, кез келген адамның бір емес, екі бағасы бар. Бірі – оның адамдық әрі өзіндік бағасы да, екіншісі – оның …
… қоғамдық, яғни өзіне өзгелердің беретін, қабылдайтын бағасы. Бұл екі баға бірдей де, бірдей емес те, тіпті олардың айырмасы жер мен көктей де болуы мүмкін.
Мысалы, шешесі Хюрем қатын мен Сұлтан әкесінің айналасындағы жағымпаздар сұлулығын тек ай мен күнге теңеп-қалатын, бірақ жауыз шешесінің ыңғайында ғана жүретін, өзіндік ойы да, адамдық ақылы да жоқ, бас уәзір байы патшаның қызы болғаны үшін ғана қатын қылғансып, бұл да оны бай қылғансып жүрген арамза жанды Мехримах«сұлу» туралы не дейсіз.
.
Ал өзін әлемнің, жеті белдеу, үш құрлықтың Сұлтаны, Алланың жер үстіндегі көлеңкесі cанай тұра пәленбай жыл мұсылмандық пен түркі жұртының қас жауы еуролық қатыны мен еуролық бас уәзірінің қолындағы қуыршағы болып жүрген және ең дені дұрыс ұлына, түркі әлемінің мүдесіне солардың ғана көзімен қарай алатын Сүлеймен патша туралы не дерсіз!
Бір жағынан, осындай әке мен шешеден жаралған Мехримах «сұлу»-дың бұндай болуы заңды да көрінеді.
Ійә, мен мұны қас дұшпанның емес, арамзалық пен өзін керемет көретін, бірақ іс жүзінде ақымақ биліктің бейнесін иттің етінен жек көру сезімі бойынша жазып отырмын. Бар айтарым осы ғана.