«Папа» жақсы ма, «мама» жақсы ма?

сүйрет : W-dog.ru
Ійә, екеуі де оңып тұрған жоқ, Бұрын ата жақсы ма, апа жақсы ма деуші еді. Бүгінгінің баласы …
…сүйікті папкасы мен мамкасының қайсысын таңдап, қайсысын атарын білмей дал болады. Тек біз үшін жүз жыл бұрын басталған қатынжандылық (гендерлік) саясаттың тепкінімен мамамыздың әлдеқайда артық екеніне де күмән жоқ.
Сірә, өмірде папа-мама ғана емес, екі әлде көп жақсы, көп қыйындық, көп жаманның да қайсысын қалап, қай жағына қарай бөлініп-жарылу оңайға түспей жатады.
Мысалы, Сүлеймен Сұлтан кино-жырында патшаның өзі ортада қалып, …
… Хюрем қатыны бір бала, бір қыз, бір бас уәзір күйеу баласымен оның сол жағына, …
… бәйбішеден туған Мұстапа Хюремнен туған екі іні және немере әкпесімен әкесінің оң жағына шығып, …
… бүкіл империяны игеріп, ұшпаққа шығаруы тиіс бас отбасы осылай өзді-өзі қырқысып-қырлысады.
Ал айтайын дегенім – елдің де, ұлдың да емес, бірінші кезекте өзінің билігін ғана күйттейтін Хюремнің қызы Мехримах …
… кішкене әділірек болса, шешесі бөлек болса да Мұстапа ағасын жақтап, …
… дұрыстық пен отбасының амандығын ойласа, ішкі, сыртқы жауларына қоса өзара бақталас балаларымен бір өзі бетпе-бет қалған әкесінің жағында болып, бәрінің басын біріктіріп-бағуы тиіс еді.
Алайда мамашыл жаны мен өспей қалған ойы олай етуге мүмкіндік бермей, жауыз да болса, шешесінің жағында еткен секілді.