ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Қара қарғалардың заманы

әкімшілік 02/01/2021 499 рет қаралды

сүйрет : Goodfon.ru  

Ыспан

 

Ійә, кәдімгі қарқылдаған қарғалар түптің-түбінде адамды да, аң біткенді де тақтан тайдырып, былайырақ ысырып тастап, жер үстінің …

 

… қожалығын қолына солар алар дейтін де болжам бар.

 

Ал Бас сөздікте [1] болмаса да, осы күнгі қазекең қарғалы деген сөзді азды-көпті айтып тұратын болды және соңғы кездері тау бауырайларында мұндай бірнеше жер аты, ел аты да пайда бола қалғандай. Мысалы, Алматының Сайынымен тауға қарай өрлеп бара жатсаңыз, даңғылдың Әл-Фарабиге жетер-жетпестегі оң жақ жағалауы талай заманнан Каргалинка, бүгінде қазақшаланып Қарғалы аталады және сол жерде Каргалинка – Қарғалы деп аралас айтылатын шипажай да бар.

 

Тек қарға су жағасы, қалың ағаш арасына ұя салатынымен, Алматының әлгі жері әуелі Қарғалы аталып, кейінірек орыс келіп, оны өз тілі-діліне қарай бұрып, Каргалинка еткен дейтін долбармен келіспейміз.

 

Мұнан гөрі тау етегіне жақын жатқан бұл жерде бір кездері қарағай ағашы көп болып (қалған-құтқаны әлі бар), сол себепті Қарағайлы аталып, кейінірек орыс келіп, әуелі оның қазақша тұлғасын орысшалап Карагайлинск деп, кейінірек бұл сөзі ықшамдалуға ұшырап Каргалинск, Каргалинка болып кеткен дейтін тұжырым негіздірек көрінеді.

 

Бұл жердің күні кеше ғана Қарағайлы аталғанын белгілі жертанушы Молдияр Серікпайып ағамыз да айтып кеткендей еді. Яғни бүгіндегі  Қарғалы – қата ат.

 

Халық айтса, қалып айтпас дейміз ғой. Кім біледі, аса ақылды саналатын қара қарғалар қожалық ететін заман да келер әрі бұл сол болжамның болмай қоймастығының белгісі де шығар.

 

 Дегенмен, осы күнгінің ойсыз жұрты, ғұламасы мен билігі ойына келгенді істеп, аузына түскенді айтқыш-ақ.

 

 

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 том, А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*