Қарағандылық қыздардың кей қылығы

сүйрет : kaifolog.ru
Ыспан
Қыз болған соң қылықты болғаны жақсы ғой, тіпті оған не жетсін!? Тек Қарағандының …
… әуедопшы қыздарының кей қылығына әсіресе Нұрлан Садықұлы ырза еместігіне күмән жоқ.
Үйткені, олардың әуедоптан өзге негізгі жұмысының бірі – дәл жанына түсіп келе жатқан допты көре тұра аңыра қарап тұрып, бапкерлерінің жан дауысын шығару, жүйкесін тоздыру. Оның онсыз да көгеріп-бозара бастаған басы мен шашын онан ары ағарту болып келеді.
Әрі бір таңғаларлығы – олар мұнысына қысылып, қымтырылмақ түгілі шынайы ырзашылықпен мәз болып, күлісіп тұратыны.