ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қатынының қатындарының да қатыны болған батыр

әкімшілік 12/03/2021 488 рет қаралды

сүйрет : Rostov.kp.ru 

Ыспан

 

Бір қазақ батыры : Түзге шықсам батырмын, Үйге кірсем қатынмын, Қатын ауру, бала жас, Тары түйіп жатырмын деген ғой. Ал әңгіме қазақ та, батыр да туралы емес, қазақты да, батырды да он орап аларлық …

 

 

… және екі сөзінің бірінде өзінің бүкіл әлемнің әміршісі, Алланның жердегі көмекшісі, көлеңкесі екені айтып қалғыш, түркітің Сүлеймен сұлтаны туралы.

 

Біріншіден, ол – өз құлқынының қатыны. Үйткені билікке, даңыққа тоймас құлқыны оның өз алдында да, ел алдында да еш кінәсі жоқ, бірақ бедел-абыройы өзінен асып бара жатқан баласын  өлтіруге мәжбүрлерді.

 

Екіншіден, ол – қатынының қатыны. Үйткені ол есігіне күң болып кірген жат жұрттық, жау жұрттық бір қатынның тесігі үшін туған шешесі мен қарындастарына сенбей, оларды сатумен болды. Сол қатынның айдап салуы және құрған айласымен өзінің бас баласына да сенбей, оны талай рет өлтірмек болып жұлқынды, ақырында өлтіріп те тынды. 

 

Неге жабылған талай жала жалған шығып, ақ, адал екеніне көзін жеткізген баласына сенбей, бірнеше кінәсі махабатпен кешірілген қатынына сенгіш? Үйткені адам, кей адам әуелден өзі сенгісі келген нәрсеге сенгіш келеді, де, сенгісі келмегенге сенбей-ақ қояды.

 

Үшіншіден, ол – қатынының қатындарының да қатыны. Үйткені  қатынының құл-күңдері оны өмір бойы алдап, ақымақ қылып келді және бірінші кезекте сол қатыны мен тағы да жау жұрттық бас уәзіріне қызмет еттті.  

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*