ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Қазақ қайраткерінің ақылының жеткен жері

әкімшілік 13/07/2020 2143 рет қаралды

сүйрет : Pixilart.com

Ыспан

 

Нақты кім екені есте жоқ, бір қазақ өнерінің қайрапткері Нұрсұлтан Әбішұлына келіп, …

 

… «Нұреке мен тәуелсіздлікті алғанға дейін композитор едім, енді сазгер болып қалдым»  деп жылтырғаны бар.

 

Айтайын дегенім – осы сөздің айтушыға ғана емес, қазқтың пәленбайына тауып айтылған сөздей көрінетіні.

 

Ал бұл жайды есіме салып жіберген 31-теле арнадағы «Кел, татуласайық» деген хабарға қатысқан қазақтардың «Кеңес Дүйсекеев композитор да, қалған бәріміз сазгер едік» дегендей жылтыр сөзді бірінен-бірі алып, қайталай, әспеттей айтуы болды.

 

Бір алты-жеті жастағы Түркістан қаласының баласы «әкеңді неге басқалар құсап «папа» демей, «көке» дейсің дегенімде, үйткені «көке» қазақ сөзі деп жауап беріп еді.

 

Негізі – адамға көп ақылдың керегі жоқ.

 

Яғни біріншіден – алпыстан асып, жетпісті жағалаған қайраткер ағамызда алты жастағы баланың  ақылы болса, тіліміз, діліміз 70-80 жыл бойы тығырыққа тіреліп келіп, тәуелсіздікті енді алып жатқан тұста қазақ сөзін орыс, шеттіл сөзімен салыстырып, одан төмен қоюға аузы бармауы керек еді.

 

Екіншіден, басқа сала емес, тіклей өз саласына қатысты «сазгер» сөзінің мағыналық тұрғыда «композитор»-дан мысқал да кем еместігін, бар айырмасы бірі – талай жылғы жұмулы көзін енді ғана ашып жатқан қазақ сөзі де, екіншісі – қазақ тілін, сөзін жоғалтуға бағытталған  шеттіл сөзі, басқыншы тіл сөзі екенін түсініп қана қоймай, өзгеге, жас ұрпаққа түсіндіріп жүруі керек еді.

 

Яғни өмірдің, тіршіліктің бар саласынан ығыстырылып, ауылда ғана қалған қазақ тілінің шын мәніндегі мемлекеттік, бүкілхалықтық, ұлтаралық тіл деңгейіне көтерілуі үшін ғылым-білім, тіршіліктің әр саласындағы қазақ біткен бұған өз үлесін қосуы қажеттігін түсінуі керек еді.

 

Өкінішке орай, осы қарапайым ғана қағида ойына кіріп те шықпаған қазақ әлі көп.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*