Қазақ қана емес, Өзіл де өстіпті

сүйрет :Elbotola.com
Таштамирова Зухра,
ТарМПУ-дың 2-курс студенті
Бүкіл тағам, ас атаулыны үлкен үш топқа, яғни (бейнекөрім) …
… аққа (сүт өінімі), қызылға (ет өнімі) және көкке (көгөніс, жеміс) бөле қарайтын қазақ нанды мұның ешқайсысына қоспай, айрықша құрмет тұтады, оны дұрыстық пен адалдықтың кепілі көреді [1] екен.
Өз кезегінде islam-today.ru сайты:
«Әлемнің ең мықты, аса қымбат аяқдопшысының бірі Месүт Өзіл мұсылман жұрты нанды қалай қастерлейтінін нақты ісімен көрсетті. Ол 26-сәуір күні Арсенал – Атлектико ойыны үстінде қарсы команданың әлдебір жанкүйерінің өзіне қарай лақтырған нанын жерден иіліп алып маңдайына тигізді және бір сүйіп, адам аяғы баспайтын жерге, шеткерек шығарып қойды» [2] деп жазады.
Ал осы Өзілден байлығы да, шайлығы да әлдеқайда жадау, жерге жақын жұрт – қарапайым қазақ ше? Біз ше? Біз не істеп жүрміз? Нанды бір тістеп немесе қатып қалыпты деп тастай салуда кімнен кембіз?! Аяқасты, жолүсті, қоқыс жәшігінде жатқан нанды былай алып қоюға неге жиркене, кімнен ұяла қаламыз?
Ойланып көріңіздер, нанға деген құрметіміз қаншалық?
жеткешісі: Ыспандияр Ақайұлы
- Otyrar.kz сайты, 03.2013, Хлеб всему голова: интересный обычай праздничного дастархана
- Islam-today.ru\novosti\2018\04\28\ Месут Озил продемонстрировал отношение настоящего мусулманина к хлебу
бейнекөрім: http://deyerler.org/ru/201374-rrsss-rrryor-ryisrsriryor-srirrrrryor-rye-srrrs.html
Иа шынымен де Месут Өзілден қазақтың қай жері кем.Егер де бізде нанның қоқымын тастамай оны қадірлеп, қастерлесек нұр үстіне нұр!!!
Өте әсерлі жазылған дүние ЖАРАЙСЫҢ Зухра!!!😘😘
Өте әсерлі жазылған дүние ЖАРАЙСЫҢ Зухра Элимханқызы.Өте актуалды проблеманы ортаға салыпсыз, тамаша.»Damu» дағы ең жас және ақылды мұғалімдердің бірісіз.Сізді коллегам ретінде құрмет тұтамын
Елдің болашағы жастардың қолында!! Келесі ғасырдың қандай болатыны сол ғасырда өмір сүріп жатқан жастарға байланысты демекші-осындай ғылыми көзқараста өз ойын білдіре алатын жастарды әрдайым қолдауға тырысамын. Барынша көмек беріп жастарымыздың өсіп-өркендейін қалаймын. Зухра жазған мақалаңыз өте актуалды жағдай. Сіз қазіргі әлемдегі адамдар мен дінді киелі ас атасы нан арқылы байланыстырдыңыз.
Иа, өте нақты және ықшамды жазыдыпты. Авторға рахмет!!!