ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қазақтан көрген ең қымбат сыйының бірі

әкімшілік 05/12/2020 655 рет қаралды

сүйрет : Change.org

Ыспан

 

Бұл жайды, сірә, Мамытбек Қалдыбай ағаның әлдебір әңгімесінен оқыған едім. Соны екі-үш ауыз сөзге айналдырып айтпақпын. Оқыйға өткен ғасырдың …

 

… 70–80-жылдары Жамбыл обылысында болса керек. Әлдебір ауылдағы әлдебір іс-шараға Д.Қонайыптың өзі қатысатын болып, бұған басшылық жан-жақты дайындалып, бүкіл ел болып күтіп тұрған ғой.

 

Әлден уақытта Димекеңнің мәшинесі келіп тоқтап, ішінен өзі шыға келгенде бүкіл басшылық, ел ағалары секундтық табиғи кідіріс жасап, аңтарыл қалған сәтте үсті-басы шаң-топырақ, бұтында қара түрсігінен басқа түгі жоқ бір қара бала ортадан суырылып шығып, ассалаумалейкүм деп бірінші болып қолын ұсынған екен.

 

Сірә, Димекеңдей жаны таза әрі дүние-мүлік күйбеңінен ада, елін, жерін сүйген адамға аяқастынан алдынан кір-қожалақ қара томпақ шыға келіп, ассалау дегеннен артық, дегеннен қымбат қандай сый болсын, елбасымыз сол заматта әлгі баланы жерден көтеріп алса керек.

 

Ары қарай әппақ кәстүм-көйлекке шаң жағылып, кімнің, не деп, қалай абдырағаны есте жоқ. Тек көп жайдан хабардар ауыл ақсалдары «бір кем дүние-ай» деп бас шайқасып, иек қағысқан көрінеді.

 

Ал біздіңше мәселе дүниенің бір кемдігінде ғана емес, бірінші кезекте …

 

— Едігедей ердің еліне деген сүйіспеншілігінде, өзінің осыншалық қажыр-қайрат жұмсап жүргенінің кім үшін екені, сол жанның алдынан шығып, көзіне көріне қалғанында,

 

— күтпеген жерден соны, Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермегенін сезінгенінде болса керек.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*