ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қазақты қалыпсыз еткен «қатындар»

әкімшілік 12/09/2020 853 рет қаралды

сүйрет : Forum.sakh.com

Ыспан

 

Кешегі кеңестік қазақтың басқа жұртта жоқ және басқа барлық кемшілігіне бастау болған басты кемшілігі – …

 

… қалыпсыздығы, өз қалпынан шығып кеткендігі, оны жоғалтып алғандығы еді.

 

Ал оны қалыпсыз еткен орыс та, орман да емес өз жұрты, өз ата-ана, өз өрен-жараны болатын.

 

Мысалы, өткен ғасырдың 70–80-ші жылдарғы бір жай есіме түсіп отыр.

 

Көршіміздің туа салысымен Алматыда тұратын ағасына беріп жіберген және ара-тұра ауылға келіп тұратын 5-6 жасар қалыпты баласы туралы жасы жетпісті алқымдап қалған екінші бір көрші апамыз : «Әй, осы бала қалада өскен балаға түк те ұқсамайды» деп, мұны оның үлкен кемшілігі ретінде айтып отыратын.

 

Оның ойынша ол орысша сөйлеп, тік бақайланып, өз қағынан жеріп, дала қазағын қала қазағы, жаңа қазақ жат көріп, жауша қабылдап, алдынан келгенін тістеп, артынан келгенін теуіп тұруы керек еді. Кеңестік кезеңдегі қала баласы, қала адамының жаңа қалпы осындай болатын.

 

Бүгінде елуге келіп, жігіт ағасы болып қалған сол бала әлі де қарапайым, қазақы, қалыпты қалпында.

 

Ал айтайын дегенім – Ақаңның «Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік …» дегені бар еді.

 

Яғни бұрынғы кемеңгер ой иесі болған батыр бабалардың бүгінгі ұрпағының өзін-өзі жоғалтып алып, көрінген жылтырақтың соңынан емпеңдегіш елікпе мінезі мен қалыбы әлдеқайдан келіп, аспаннан түсіп, аяқастынан болмай, сол қазақтың өз қолы, өз ойы, өз пейіл, өз ниетімен бірден-бірге беріліп, бірте-бірте жасалып келгені.

1 Comments

  1. Елизавета 15/09/2020

    «Тяготей не к тому, чтобы достичь преуспевания, а к тому, чтобы твоя жи

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*