ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Қонайып пен Тәшеніптің «тартысы»

әкімшілік 19/12/2020 495 рет қаралды

сүйрет : Twitter.com  

Ыспан

 

Әрине мен еліміздің Едігесі дерлік бұл екі тұлға арасында қандай да күндестік, бақталастық болған-болмағанын білмеймін, бірақ …

 

… соңғы кездері әлеуметтік желіде Тәшеніптің жерді қорғап қалған ерлігін,

… Қонайыптың қазақ мектебін жабу және өзін қалаға кіргізбеу туралы бұйрық берген ездігін бір жақты түрде жарнамалайтын әңгіме көбейіп кетті,

… Тәшеніптің аталған ерлігін әлдекімдер Қонайыптың қанжығасына байлап бергісі келеді деп жүргендер де баршылық.

 

Менің білуімше, ….

 

… Тәшеніп өзінің батылдығы мен қайсарлығы арқасында қашан да «каша» жасауға жаны құмар келетін әрі бөліп тастап билей бер тәсілін ұстанатын Одақтық биліктің алдына астындағы тағын тіге, қызметін құрбандық ете отырып, пәленбай обылысты аман алып қалса, …

 

… Қонайып өзінің білігі мен беделінің арқасында сол жерлерді басқа емес, дәл сол биліктен, өзінің алдында ғана сондай пиғылда болған биліктен 25 жыл бойы аман алып келіп, бүгінгі күнге жеткізгенімен қоймай, елді бір белеске көтере де алды.

 

Ал илегендері бір терінің пұшпағы болған осы екі ер арасында қандай да күндестік болғандай әсер туғызатын жайларға келсек, бұл осы күнгі жұмысы жоқ жандайшап-тармаңдайлардың іші пысуынан өнетін өнімдер ғой деп ойлаймын.

  

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*