Қонайыпқа дейінгі және одан кейінгі қазақ-қасқа

сүйрет : Commons.wikimedia.org
Ыспан
Бұ дүниеде адам ғана емес, кез келген басқа нәрсе де үздіксіз, сәт санап өзгеру үстінде болады және сүйте тұра түбегейлі өзгеріп, басқа болып та кетпейді. Оның үстіне …
… елеулі өзгеріп, бір ісі оңалып жатса, бір жағы тоналып та жатады. Сондықтан қалай болғанда да және қашан да анда алай еді, мұнда былай екен, кеше олай еді, бүгін бұлай болды дей аламыз.
Мысалы, «Мой милый доктор», «Девушка-Джгит» (осылай аталса керек) дейтін кинолар өмірдің шын бейнесі болса, тіпті болмаған күннің өзінде сондай кино шығарып көптің көңілін тапқаны, сондай киноның көптің сұранысына сай келетін болғаны үшін-ақ 50–60-жылғы жайымыз орысқа, өзгеге жағынып-жалпаңдау, соларға ұнап, көңілдерін көтеріп-бағудан тұрғанын көреміз.
Міне, осындай күйдегі қазақ содан шамамен 25 жыл өткенде түленіп, түрленіп шыға келді. Атай әрі ықшамдай айтқанда,
— қазақтың саны, өндіріс-шаруашылығы, қала-ауылы елеулі түрде өсіп-ашылып-дамыды;
— ғылым-білім-техникасы, өндіріс-шаруашылықты жүргізуші маманы, мемлекет құрушы қайраткерлері еркеше қарқынмен дамыды әрі бұл реттегі білім-білігі одақтас елдердің қай-қайсысынан да артық болмаса, кем болмай, кешегі Алаш зыйалыларының деңгейіне жете-қабыл болып қалыптасты;
— өмір бойы орыс пен одақтан өлердей қорқып қана қоймай, өзінің бар тарихын солар үшін талақ қылып, соларды пір тұтып, құдай тұтып келген қазақ қалай болғанда да Одақта бірінші болып сол билік, сол орысқа ашық түрде қарсы шықты және мұның өзі ешқашан Мызғымас делініп келген, әлі де мызғымас күйінде тұрған Одақтың қолтығы сөгіліп, ақыры ыдырауына алып келді;
— Одақтық билік Қонайып, Асқарып, Жолдасбекіптерге қаладағы, оқу орнындағы қазақтың санын шектен тыс көбейтіп жіберді деген қылмыстық кінә тақты әрі бұлары негізсіз де емес еді.