ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Құдайдың кәрі …

әкімшілік 29/04/2022 432 рет қаралды

 

сүйрет : poembook.ru

Ыспан

 

Бұрынғының айтуынша, біреуді Құдай ұрады, яғни ол Құдай ұрып бірдеңені бүлдіреді және бірінші кезекте басқа емес, өзі бүлінеді. Ал екінші біреуді …

 

… Құдай төбесінен қос қолдап ұрады. Ендеше Жай ұру мен Төбесінен Қос қолдап ұрудың айырмасын айтайын.

 

Мысалы, кешегі кеңестік кезеңде қазақ, оның пәленбайы өзінің ата-баба, салт-дәстүрінен бас тартып, оларға лағнет айтып, бар жан-тәнімен орыстануға, еуролануға ұмтылып-бақты. Орыс тілін білсең мұртыңды балта кеспейді дейтін сөз шығарды. Өз тілі, ділінен мақұрұм қалуда одақ бойынша суырылып алға шықты. Әрі бұл сыйқынан әлі де арыла қойған жоқ.

 

Мұны оны Құдай ұрғанының және Жай ұрғанының белгісі десек болады.

 

Бүгінде тәуелсізбіз, қазақпыз, Күлтегін, Шыңғысханның ұрпағымыз, тастағы жазудың иесіміз деп жаһанға жар салып, қарқылдағанымызға 30 жыл болды және бір ұрпақ ауысып үлгерді. Яғни елу жылда ел жаңарды. Өлмеген құлға таң атып, заман да, адам да өзгеріп-ауысатын уақыт болды.

 

Дегенмен, сонда да өзгермей қалған, өзгермек түгілі кешегісінен де кейін кеткен жайлар және жандар бар.

 

Мысалы, кеше ғана ауылдан келген әрі өте ұқыпты, зерек те зерделі көрініп-саналатын және орысшасы әлі шыға қоймаған, онысы менің өзімнен де әлдеқайда төмен пошташы қыз, ұлтжанды қазақ қызы «Elana.kz» деп жазып бергенімді кәмпютеріне «Elena.kz» деп кіргізіп, шығарып та береді.

 

Ол ол ма, білдей бір универдің магистр-оқытушысы бола тұра, не орысшасы, не қазақшасы қарық емес, тағы бір танысым әлдебір керекті нөмірлерді айтып, Нағаш, Бәке деп сақтай қойшы дегенімді, телепоныма Нагащ, Баке деп кіргізеді.

 

Мәдениет, өркениетке ұмтылғанды бұрыс демейін. Алайда, не онда, не мұнда жоқ дүбаралық, тек құлағы қаққанды қайталап, «бер жағымен қармап», балпылдауды ғана білетін ойсыздық бүгінгі күннің бір белгісі-дерлік.

 

Міне, осыны, ілгері басқандай аяғы кері кетіп отыру жайын Құдай төбесінен қос қолдап ұрған десек керек.

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*