ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Көркем сөз

Құны бірнеше адамның өлімімен өтелген көкпар аты

әкімшілік 14/12/2020 694 рет қаралды

сүйрет : Zverovod.info   

Ыспан

 

Бұл билік 19-ғасырдың аяқ тұсында Түлкібас ауданы Масат-Даубаба өңірінде айтылады.  Осы төңіректен Жуалы ауданына бірнеше үйір жылқыға балап берілген бір көкпар аты …

 

… барған жерінде көп ұзамай-ақ ауырып, ақыры өліп тынады. Ауру малды алдап сатты деген Жуалының екі-үш биі Түлкібасқа құн даулап келіп, дау тізгіні сол өңірге белгілі би Қойбек Мыңбасұлының құзырына беріледі.

 

Шайтан ісі деп қашан да асықпай жүретіндігі, әр сөзін аңдап айтатындығымен танылған Қойбек би жыйынға күн төбеге көтірілгенде бір-ақ келіп, күн шыққалы күтіп отырған Жуалы билеріне амандасады. Амандаса отырып, қай жақтан келгендерін, ол жақтағы пәлен-түген деген кісілердің және осы өңірден жақын арада сол жақа кеткен тағы біреулердің аман-саулығын сұрайды.

 

Ауыл амандығын айту, сұрау әдебіне әрең шыдап отырған даукес билер : «ЕҺ-е, сіз сұрап отырған пәленше де, түгенше де қайтыс болған, бұған біраз уақыт болып қалды» деп әңгімені қысқа қайырады.

 

Сонда мұны мұқыйат тыңдап алған Қойбек би : ӘҺ-ә, көрдіңіздер ме, кеше ғана сау-саламат жүрген кісілер еді, Алланың әмірі солай болған екен де» деп бата қылып, ал онда ас та дайын болып қалған екен, сол жақа барайық деп орнынан тұрып жүре беріпті.

 

Асы несі, әлі сонша жерден келгендегі дауымызды айтқан да жоқпыз ғой деп, аңтарылып қалған Жуалы билері «аз уақытта бір емес, бірнеше адам о дүниелік болып жатқанда бір аттың өлімі айтуға тұрар әңгіме ме» деген тәмсілді артынан барып түсініп, олар да орындарынан тұруға мәжбүр болған екен.

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*