Құрғақ қасық ауыз жыртады, ал құрғақ қол …

Сүйрет : kprf-smolensk.ru
Ыспан
Атын атау жөн болмас, қазақ ғылымының бастау көзінде тұрған, Алаш зыйалыларының жалғасы дерлік әкәдеміктің баласы, өзі де жасы жетпіске келіп қалған ғылым доқтыры бірде …
… институттың әжетханасынан шығып келеді екен, қол алыса амандастық. Сүйтсем, қолы құп-құрғақ. Яғни сондай жерден қол жумай шығып тұрғаны. Мұндай да болады екен ғой деп таңғалдым.
Жүре берсең, көре бересің деген ғой, мұнан кейін де жасы алпыстан асқан бір моншалас, моншаға барғыш танысымның ас ішіп отырып та алдына қайырып алған табанын ара-тұра қос қолдап сыйпалап отыратынын және кіші дәрет сындырысымен суды сар еткізіп, әжет там, дәрет тамнан атып шығатын көріп, бұл жайларды бірнеше рет ашық та, астарлай да айттым. Тек ауру қалса да, әдет қалмайтын заңға сай, айтып тұрмасаң, көбнесе ұмытып кете беретіні бар.
Тағы бір және ең керағарлығы – ортаға әлдебір ас түсісімен оның оңайлықпен жуыла қоймай, күні бойы құп-құрғақ жүретін қолдары көз ілпес жылдамдықпен сып етіп, сол астың үстінен табыла қалып, оны бөліп басқаларға тарата бастайтын көпшілдік-қызметшілдік әдеті.
Сірә, әжетханадан шығарда және ас бөлмеге кірерде қолды міндетті түрде жу дейтін ереже, нақыл болуы әрі бұл таңертең тұрып бет жуу, тіс жуу деңгейінде әдеттелуі керек-ақ.
Ал марқұм Сапарқан Мырзабек ағамыз дастарқан басынан шыққанда бірден әжетханаға кіре жөнелмей, әуелі қол жуып алыңдар деуші еді.
Ійә, құрғақ қасық ауыз жыртса, құрғақ қол ішті құртады, әсіресе тәбетті бұзады дейтіндей-ақ.