«Сессия» сөзінің қазақшасы

Ыспан
Барлық шетел сөзін біз шартты түрде, жаттай қолданамыз. Олардың дыбыс, буын, бөліктері, тұлғасы өздігінен қазақ түйсігінде ешқандай ой да, түсінік те тудырмайды.
термин |
сессия |
түсіндірмесі |
– 1. – а) Заседания представительного органа или коллегиального учреждения, происходящие периодически. – б) Период таких заседаний. 2. – а) Экзамены в высших и средних учебных заведениях. – б) Период таких экзаменов [1].
– Время, в течение которого общество собирается для каких либо заседаний; период, в течение которого происходит целый ряд заседаний [2]. – Синонимы: конференция, период, фотосессия [3]. – 1. период заседаний, работы представительных органов, суда, научных учреждений, обществ, напр. Гос.думы: выездная сессия суда; 2. период экзаменов в высших и средних специальных учебных заведениях [1, 4–6]. |
түсініктің ұғымдық белгісі |
— арнайы жұмыс
— жиындық жұмыс — жиынтық жұмыс — қортынды жұмыс — қортынды жұмыс кезеңі (мезгілі) — қортынды жасау кезеңі — есеп беру кезеңі — сыналу (сынақтан өту) кезеңі — бағалану кезеңі Ұғымдық белгі екі бөліктен тұрады: 1. Көп уақыттық еңбек нәтежесін жинақтау, қортындылау, бағалау, есеп беру, есебін шығару. 2. Осы жұмысты атқаруға бөлінген арнайы кезең, мерзім. |
сөз төркіні |
лат. sessio – заседание, присест [1,7]. |
шетелдік атаудың дыбыстық кемістігі
|
Сессия сөзінде:
— қазақ тіліне жат «и», «я» дыбыстары бар. — «с»-ның қатарынан екі рет келуі де қазақ сөзі табиғатына жат құбылыс. Таза қазақша айтсақ, сесійе болар еді. |
мүмкін балама, оның түсіндірмесі |
Сынай – жаңадан жасалған сөз әрі оның жасалуының екі жолы бар-дерлік. Мысалы, ол сынақ айы деген тіркестің ықшам, ықшамдалған нұсқасы болады. Екіншіден, оны сын мен ай сөзінің бірігуі деп те қарауға болады.
Екі жағдайда да сөз тұлғасы мен мағынасында және сөз жасау тәсілінде ешқандай қайшылық, дұрыс еместік жоқ, болмайды. |
балама бөліктерінің ұғымдық белгісі |
Сын: — үлкен (маңызды) жұмыс
— бағалау, тексеру, анықтау — тексерілу сәті Сынақ: — тексеру, байқау — тексеруге арналған тапсырмалар жүйесі — арнайы тексеру — өмірдің өзінің тексеруі — емтихан Ай: — отыз күн, отыз күнге жуық мерзім (кезең) — уақыт — көп (ұзақ) уақыт, аймен (айлап) өлшенетін мерзім, айдан көп уақыт |
баламаның оң-теріс жағы |
Сынай – мағыналық тұрғыда толық сәйкес келеді, қысқа әрі нұсқа жасалған, дыбыстық құрылымы тұрғысынан бірыңғай жуан, әуезді, ұнамды әрі жеңіл айтылады.
Кемішілігі – жоқ. Тек жаңа сөз жасауға және сессия—ны, сессия сияқты шетел сөздерін аударуға болмайды дейтін жаңсақ ой, пікір бар. |
біздің нұсқа, оның негіздемесі |
Сынай сөзі Парламентің де, Білім жүйесінң де сессиясы түсінігін бере алады.
Үйткені, мұндағы сын— түбірі сессия түсінігінде бар – сынақ – емтихан – сындық жұмыс – маңызды жұмыс – жұмыстың қортындысы (қортынды сәті) – қортындылаулық жұмыс – жинақтық жұмыс дегеннің бәрін береді. Ал —ай бөлігі бұл жұмыстың – ай бойы жүретіндігі – айға жуық уақыт жүретіндігі – айлап жүретіндігі туралы ой туғызады, туғыза алады. Яғни оны тура бір ай деп түсінбеу керек. Мысалы, айы жетті (толды) деген тіркес уақыты жетуді және көп уақыт болғанын, ал ай іздеді, жыл іздеді деген тіркес айлап, жылдап іздеу—ді білдіреді. |
Сонымен, сессия – сынай болады.
Ұсыныс бізден, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!
- Новый словарь русского языка под редакцией Т.Ф.Ефремовой
- Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка. Чудинов А.Н., 1910.
- http://www.classes.ru/all-russian/russian-dictionary-synonyms-term-96247.htm — Словарь русских синонимов и сходных по смыслу выражений. под. ред. Н. Абрамова, М.: Русские словари, 1999; Словари и энциклопедии на Академике : Толковый словарь Даля 1863-1866
- http://dic.academic.ru/dic.nsf/lower/18170 — Словари и энциклопедии на Академике: Толковый словарь Ожегова
- Большой энциклопедический словарь, 2000; Современная энциклопедия; Юридический словарь
- Словари и энциклопедии на Академике : Большая советская энциклопедия, М., 1969–78
- http://ru.wikipedia.org//wiki – ВикипедиЯ Свободная энциклопедия