Шоқан не жазды, не қойды?

Ыспан
ШОҚАН (Мұхамедқанапия) Уәлиханов (11.1835-ж. Күнтимес, Аманқарағай – 10.04.1865-ж. Алтынемел, Алматы) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, ұлыстанушы, жағырапшы, ауызәдебиетші.
тегі: Әкесі – Шыңғыс, арғы аталары – Абылай, Уәли хандар.
оқуы: Құсмұрындағы мұсылман мектебі, -Омбы кадет корпусы (1853), -Петербор университеті тарих-филология факультеті (1861–62). Араб, шағатай, орыс, түркі тілдерін меңгерген.
қызметі: -Атты әскер корнеті – Сібір 6-атты әскер полкінің сардары (1853), -Г.Гасфорттың адьютанты (1854), -Сыртқы істер министірлігі Азия департаментінің қызметкері әрі оқытушысы (түркі тілдері) – Бас штабтың әскери-ғылыми комимтетінің қызметкері – Орыс географиялық қоғамының қызметкері әрі дәріскері (1860), -Аға сұлтандық сайлауы (1862), -Омбы қалалық Бас басқармасының заң комисссары (1862–64), -М.Черняевтің әскери экспедициясы (1864).
атақ-дәрежесі: поручик (1856), -Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі (1857), -Штабс-ротмистр, 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені (1860).
атқарған ісі: — Құлжа, Жетісу, Алатау, Қашқарға ғылыми сапар жасады;
— қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің, «Манас» жырының үлгілерін жинап-жүйеледі;
— ескі қала орындары, тастағы жазулар, көне заман теңгелері, —Қырғыз, Жетісу, Қашқар жерлерінің жағдайы, табиғат райы, өсімдік және жануарлар дүниесі, —Жетісу, Қырғыз, Алты шаһар елінің (Қашқар, Ақсу, Үштұрпан, Янысар, Жаркент, Хотан қалалары) тарихы мен салт-дәстүрі, —Алакөл мен Балқаштың бұрын біртұтас су айдыны болғаны, Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылымға жаңа, тың мәліметтер берді;
— Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының, Құлжа қаласының, Ыстықкөл экспедициясының карталарын жасады.
еңбегі: 115-тей жазба мұра қалдырған. Оның 15-і тіл-әдебиет, 26-сы жағырапыйа, 17-сі тарих, 27-сі елтану, мәдениет, 16-сы экономика, саясат мәселелеріне арналған және біразы хат-құжаттардан тұрады. Үш-төрт жұмысы татар, түрік, өзбек, шағатай тілдерінде, 4-уі қазақ тілінде жазылған. Көпшілігі бізге қолжазба күйінде жеткен. Бұрын жарық көрген еңбектерінің жалпы саны – 32, оның 17-сі жеке-дара, қалғаны 1904-ж. шыққан шығармалар жинағында жарияланған.
қазақ және түркі тіліндегісі:
— Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры //Березин Н. «Турецкая хрестоматия, 3-бөлім, Қазан, 1876, 70–162-б.
— Орақ батыр жыры, 1854–55-ж. жазылған.
— Жоқтау үлгісі (Бұқар жыраудың Абылайды жоқтауы, қазақ-қырғыз тілдерінде), 1855-ж. жазылған.
— Абылай туралы жыр, 1855-ж.
— «Жылнамалар жинағынан» түйгендер (қазақ және шағатай тілдерінде) //Березин Н. «Библиотека историков», 2-т., 1-бөлім, Қазан, 1854-ж.
— Маршруты, собранные мной во время путешствия в Кашгар (өзбек тілінде) //Зап. Рус. геогр. общ. Отдел этнографии, 29-т., СПб., 1904, 483–489-б.
— Маршруты из Кашгара в Ташкент (татар тілінде).
— Таблицы торговых операции (түрік тілінде).
жеке-дара жарияланғаны:
— Положения об управления Алатавским округом //«Северная почта» газеті, 1863, № 68.
— Описание пути в Кашгар и обратно в Алатавский окург //Императ. Рус. геогр. общ., 4-т., СПб., 1868-ж.
— О состоянии Алтышара или шести восточных городов Китайской провинции Нан-Лу (Малой Бухары) в 1858–59-г. (жағырапыйасы, тарихы, халқы, басқару жүйесі, өндірісі, саудасы) //Записки Русского географического общества, 1861, 1-кітап, 1–31-б.
— Очерки Джунгарии //Сонда, 1861, 1-кітап, 184–200-б.; -2-кітап, 35–58-б.
— Сведения об обстоятельствах, способствовавщих смерти Адольфа Шлагинтвейта //Сонда, 1-кітап, 20–24-б.
— Об оросительных каналах в Семиреченском крае //Сонда, 183-б.
— Смерть Кукотай-хана и его поминки (1856-ж.) //Записки Восточного отделения Русского археологического общества, 15-т., 1-шығарымы, 9–15-б.
авторлығы көрсетілмегені:
— Среднеазиатские ханства: Хива, Бухара и Коканд и отношения их к России //«Северная пчела» газеті, 19.07.1861, № 160, 649-б.
— Сношения России с Хивою //Сонда, 07.08.61, 705–706-б.
— Правление нынешного владетеля Хивинского Сеид-Мухаммеда и новейшие известия Хивы //Сонда, 25.09.61, № 211, 865-б.
— Статьи из «Географического-статистического словаря Россиской империи //Семенов П. Геогр.-статист. словарь Россис. империи, 2-т., СПб., 1865, 589–596-б.
— О Баян-Ауль. округе //«Рус. инвалид» газеті, 1857, № 195.
— От Семипалатинска до города Чугучака через Аягуз //Веселовский Н. Поездка Н.И.Любимова в Чугучак и Кульджу в 1845 г. под видом купца Хорошеева, СПб., 1909-ж.
— От Семипалатинска до города Кульджи //Сонда.
1904-ж. шығармалар жинағына енгенгені:
— Исторические предания о батырах 18 в. (1855–56-ж. жазылған) //Записки Русского географического общества Отдел этнографии, 29-т., СПб., 1904.
— Предания и легенды Большой киргиз-кайсацкой орды (1855-ж. жазылған) //Сонда.
— О формах казахской народной поэзии (1855-56) //Сонда, 223–231-б.
— Заметки по истортт южносибирских племен (1856) //Сонда.
— Кашгарский дневник-2 //Сонда, 499–504-б.
— Выписка из отчета о путешествии в Кашгар поручика Валиханова //Сонда, 349–354-б.
— Шуна-батыр (Авантюрист 18-в.) //Сонда.
— Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи (1861) //Сонда.
— Следы шаманства у киргиов (1862-63) //Сонда.
— О мусульманстве в степи (1864) //Сонда, 194–201-б.
— Записка о судебной реформе (1864) //Сонда, 151–178-б.
— Киргизское родословие (1856-57) //Сонда.
— Черновой набросок о древних грамотах (1860) //Сонда.
бір айтары (примеч.): Келтірілген және қолжазба күйіндегі басқа еңбектері 1985-ж. шыққан 5 томдығында толық берілген. Кітаптың алғашқы 4 томында 114 еңбек пен 11 мұрағаттық мұралар, ал 5-томында Шоқанның отбасы мүшелерінің өміріне, қызмет жолына, ғылыми әрекетіне қатысты мәліметтер және Шоқан, Шоқанға, оның айналасындағылардың бір-біріне жазған хаттары мен замандастарының ол туралы естеліктері жинастырылған.
сүйрет: Әмір Кеңесұлы
«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан