Шүперек үшін шыр-пыр болған шіркіндер!

сүйрет : Proza.ru
Зайнудин Маржан Мұқанқызы,
ТарМПУ-дың 2-курс студенті
Әлдебір дерек бойынша Қазақстан әлде қазақ халқының 5 мыйлонға жуығы несиемен байланған. Бұл – әр отбасы, әр қазақтың жеке қарызы. Мұнан басқа халық ретінде сыртқы ел, еларалық банктерге қарызымыз тағы бар. Дегенмен, қарыз әлде кедей екенмін деп …
… үйленбеуге де, той жасамауға да болмайды және әзірге киітсіз құдалық, құдалықсыз үйлену жоқ.
Белгілі сықақшы Мұхтар Шерім көке: «Осы киіт деген дәстүр ме далбаса ма әлде ақша шашу амалы ма?» деген сұрау салса, жұртшылығы: араны ашатын, өсекке қалдыратын керексіз нәрсе деп, тағы біразы: қаншалықты қажетсіз, жағымсыз, мәніссіз делінетінмен, қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз құда болмайды дегенге басыпты.
Біздіңше, осы киіт үшін-ақ жаңа ғана мыңжылдыққа жекжаттасып жатқан әйелдер ананы емес, мынаны әкеліпті деп іштей қырғи қабақтанып кететіні аздай, құдалықтан соң екі жақтың әйелдері тағы да сол бір жапырақ шүперек үшін өзара шыр-пыр болып таласып қалып, ол талас ұрыс-керіске ұласып та жатады.
Ал кимейтін нәрсенің киім болмасы белгілі және бүгінде ешкім де өлшемі, пошымы, түсі долбарлай алынған киімді ыйығына іле қоймайды. Бұл бір. Екіншіден, тағы да бүгінде ешкім де үстіне ілерін өзі тігіп отырмайды.
Олай болса, біреуге арнап арзан ғана емес, қымбат, сапалы дейтін киім алудың да, бір-біріне бірнеше кезден қыйқаланған мата сыйлаудың да, онсыз да жетпей жататын аз ақшаны бұларға жұмсап, сандыққа салып тастаудың да еш мәні жоқ.
Сірә, қоғам болып келісіп, залалынан басқа бір тыйын пайдасы жоқ киіт шығынынан да, оны қарыштаймын деп жоғалтатын уақыт пен әурешіліктен де құтылатын кез жетті. Киіттің дәстүр болудан қалып, күн тәртібінен шығатын күні келгендей.
Кім, қалай ойлайды? Киіттен құтылу мүмкін бе?
жетекшісі: Ыспандияр Ақайұлы