Шым қаланың «шым»-ы

сүйрет :Rmnt.mirtesen.ru
Ыспан
Бар пікірді жыйнақтай айтсақ, бүгінгі таңда шымкент сөзі үш түрлі төркіндетіледі.
В.Бартольд, В.Радлов, Э.Мурзаев, Г.Потанин сынды және басқа да зерттеушілердің айтуынша, ол
арап және грек тілдеріндегі чаман/чимен, яғни қала-бақ, жасыл қала және шөп, пішен,
екіншіден, түркі тіліндегі шым-қала, шымнан жасалған қала,
үшіншіден, парсы тілінде жасыл алқап, көк жайлау, бау деген мәндегі чиминь-чемень сөздерінен таратылады [1-4].
Бір қызығы – көпшілік жағдайда әлдебір сөздің неден шыққанына қатысты бірде-бір ілік таба алмай, аузымызды қу шөппен сүрткендей күйге түсетін болсақ, шымкент сөз-төркінінің келтірілген үш нұсқасы да дұрыс көрініп, қайсысы жаңсақ, қайсысы шын екенін айыра алмай, ойымыз он саққа кетеді.
Сірә, бұл үш нұсқаның қайсы біріне тоқтау үшін жазба деректерге қоса Шымкент қаласы тұрған жерге, айналасына, құрлысына қатысты басқа да мәліметтер негізге алынуы керек.
Мысалы, үлкен судың жағасында емес, тау текшесі әрі жел өтінде орналасқан Шымкент қаласы бір заманда елден ерек жасыл болып, жасыл бақтай көрініпті әрі сол төңіректің бар жұрты мұны байқап, бағалап, осылай атапты деуге айтарлықтай негіз, нақты дәлел жоқ сыйақты.
Есесіне 19-ғасыр соңында Түркістан өңірін зерттеген жертанушы ғалым И.Мушкетовтің:
… лесс в Туркестане образует местами чрезвычайно мощные толщи … он составляет, так сказать, главную основу для развития культуры на Востоке, так как не только служить плодороднейшею почвою, но и универсиальным строительным материалом, из которого туземцы воздвигают все свои здания в городах и деревнях, от бедной хижины до крепостных стен и славных мечетей Самарканда и Бухары [5, 345-б.]
деген тұжырымы және
Мәселен мына суреттің астына «1944 жыл» деп жазылыпты. 1864 жылдардағыдай емес, саман қыштан қаланған шағын-шағын үйлердің орнына көпқабатты үйлер бой түзеген. … Сол бір кездері шымнан қаланған қала бүгінде еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесіне ие болады деп кім ойлаған!? [6]
дегендей пікірлер қала атауы парсылық та, араптық та, гректік те емес, түркінің, қазақтың шым деген өз сөзіне негізделгеніне меңзейді. Әрі нақ Шымкент қаласы өңірінің И.Мушкетов айтқан сары топырағы айрықша жабысқыштығымен, бекемдігімен ерекшеленетіні бүгінгі таңда да белгілі жайт. Сондай-ақ қатар жатқан екі елдімекен тасқала, шымқала түрінде өзара салыстырыла, әрқайсысының басым сыйпаттары көрсетіле аталған болуы да мүмкін.
Ал шым – дерн түсінігінің
орысшасы: 1. Густо заросший травой, скрепленный корнями многолетних растений верхний слой почвы. – 2. Вырезанные пласты из этого слоя болып, осы күнгі ойымыздағы мәнін ғана дәл қайталап тұрса,
қазақшасы: 1. Жердің жылдар бойы шөп тамырлары тұтасып өскен құйқалы қабаты. – 2. Қора-қопсы қабырғасын тұрғызуға, арық суын бекітуге, жүйектерге су тартуға пайдалану үшін күрекпен, кетпенмен жерден ойып алынған шым кесегі [8] дейді әрі А.Байтұрсынұлы шығармасынан алынған Үсті шым, асты шұқыр жерден жырған, Баспана мекенінің сиқы тұрған дейтін мысал-мәтіні де бұл сөздің сары лай, сары топырақ деген де мәні барын анық көрсетіп тұр.
Ежелгі түркі сөздігінде де чым ұйұқ сөзіне сілтеніп, ұйұқ-тың өзі – 1. Сыпучие пески, топкое место, трясина. – 2. Холм, бугор [9] болып түсіндірілген. Яғни шым – сары лай ғана емес, адыр, бел, белес, төбе, төмпешік, дөң, дөңес те болғаны.
Олай болса, Шымкент-тің шым-ы бұл өңірдегі барлық құрлыс, жер кепе, жер там атаулыға «материал» болған сарыs балшыққа байланысты айтылған. Екіншіден, оны шым деген бір буынды сөз, нұсқа негізінде ықшамдай әрі әдемілей, бейнелей атаудан шыққан деп ойлаймыз.
- Горбунов А.П. Географические имена в горах Центрально Азии //info@nata.kz
- https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/1076/
- https://ru.wikipedia.org/wiki
- http://www.e-shymkent.kz/content/history-and-geography;
- Мушкетов И.В. Туркестан и орографическое описание по данным собранным во время путешествий с 1874 по 1880 г. 1-т., СПб 1886, …
- Дәнеева Шаһризада, Шымқаланың тарихи тамыры – тереңде //Айғақ, 27.10.17, №43, 13-б.
- https://www.google.kz/search?q
- Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2011, 15-т.
- Ежелгі түркі сөздігі А., 2016, 760 б.