Шын дұшпанның белгісі

сүйрет :Vsevolodkochetkov.wordpress.com
Ыспан
Өлу – жеңілуге жатпайды. Өз дұшпаныңа ұқсау – жеңілу. Бірің – күнәсіз баланы өлтірмек болып, бірің – билікті алтынға сатып алдың. Кешегі дұшпандарымыздан еш айырмаларың жоқ [1].
Бұл – Ертұғырылдың Сен таңдаған жол – өлім жолы. Оны қойып, біздің айтқанымызбен жүр деген екі ағасына айтқаны.
Яғни дұшпан – қарсы жақ, адам арасындағы дұшпандық өзара ұқсамаудан, бірдей ойламаудан, әрекет пен ой қарсылығынан туады деген тұжырым айтылып тұр. Ал жора-жолдас, ағайын арасындағы дүние таласы, бақталастық дұшпандыққа жатпаса керек.
Тіліміздегі күйеу – дұшпан тіркесі де қанша жақын болса да, күйеудің ағайын-туысқа жатпайтындығынан, қарсы жақтың, басқа жұрттың өкілі болып табылатындығынан туса керек.
Өкінішке орай, қазақ тілінің Бас сөздігінде дұшпан – қас, жау, қара жақ [2] делініп, Туысқаның, достарың бәрі екі ұшты, Сол себептен досыңнан д ұ ш п а н күшті сыйақты осы сөздіктің өзіндегі мысалдарда аңдалып тұрған қарсы жақ, ымырасыз қайшылық деген мәні берілмей, ашылмай қалыпты.
Сондай-ақ келтіріліп отырған күйеу – дұшпан тіркесіне де бұл сөздіктен орын тимепті.
- «Жаужүрек Ертұғырыл» киносы, 31-т/а, 05.07.18, 173-бөлім
- Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2011
Күйеу дұшпан дегеннен қарағанда, күйеу баласын пайғамбарда сыйлаған деген дұрыс ау.