Шын мен жалған, жоқ пен бардың арасы

Ыспан
Адамзат адам атанып әлде болып, алғаш рет көзін ашқанда …
…айналасындағы әлемді көріп таңғалған. Тамсанған да. Үйткені бұл ол ашқан алғашқы ғылыми жаңалық, бірден-бір шындық еді.
Сүйтіп адамзат әлемге затшыл (материалист), яғни көзімен көріп, қолымен ұстағанға ғана сенетін ғұлама болып келді. Үйткені, көз-құлақ, қол-аяқ сыйақтылар оның айуандық қалыбынан қалған бірден-бір қаруы еді. Ол бұған дейін көзінің алдындағыдан арыны көре алмайтын соқыр еді. Адамның алғашқы қалыбы осындай болды.
Уақыт өте келе адамға ақыл бітіп, айдың арғы бетінде не барын, өзі көріп-біліп тұрған дүниенің барлық бағытта да шексіздігін де ойлай бастады.
Ойлай-ойлай ақылдың арқасында көзге көрініп, қолға ілініп тұрмайтын да нәрсе-әлемдердің барын әрі олардың өз әлемімен байланыста болатынын аңдап, әр әрекет-қыймылында осы байланысты ескеретін болды.
Ауаның қозғалысын ғана тудыра алады делінетін, сыңайлы сөздің өзінің заттанарлық қуатын пайымдап, тіліне, әр сөзіне, тіпті ойлаған ойына да ие болуды құнт қылды.
Дүниге бір көз, құр көзбен ғана емес, мың көзбен, жан-жақты қарауды дәстүрге айналдырды. Бұлардың алдыңғы адамнан айырмасы – осында, ақылды да қоса білуінде болды.
Алайда өздерін «көп білген сайын түк білмейтінме көзім жете түседі» дейтін сөз қалдырған Сократтың бірден-бір мұрагері санайтын затышлдар дүниенің өздері білмейтін қыры-сыры жоқтай көрді және көреді де. «Көріп» қана қоймай, бұлай ойламайтындарды жоққа сенгіш ырымшыл санап, мазақ қылады.
Мазақ қылатын, болатын да себебі – ақымақ көп, ақылды аз. Яғни көп ит талап, көк иттті күнде жемек.