ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Шыңғысханның қазаққа қытайдан айтқан сәлемі

әкімшілік 17/05/2022 667 рет қаралды

 

сүйрет : istmira.com 

Ыспан

 

Ійә, Шыңғысхан, қазақ дегенге көнейік, түсінейік, ал мұнда қытайдың не қатысы бар дерсіз.  Алайда …

 

… сол қытай түсірген «Шыңғысхан» теле жырында уақытының бәрін ойын ойнап, той тойлаумен өткізген Мұхамед шах әскері өзінікінен ең кемі үш есе аз болған Шыңғысханнан жеңіліп, бүкіл қаласын бірінен соң бірін берумен болады.

 

Бүгінгі он әлде он үш мыйлон қазақтың да пәлен пайызының ойлағаны тек айт пен той.

 

Қай бір жылы ұлттық университеттің жұрналшылық мамандығының ақылы бөліміне 300 студент түсті дегенді естіп таңғалып едім және оның көбінің ұраны «Баспасөзі мықты елдің – болашағы мықты» болмағанына да күмәнданбағам.

 

Ал осы күнгі бесіктен белі шықаны жаңа баланың бәірінің-дерлік арманы – әнші болу, әртіс болу.  

 

Сондай-ақ қаңғалақтаған жағдайына қарамай, қарыз алып, той жасап қана қоймай, оған онсыз да әндері мен сәндерін айта-айта жалықтырып жіберген әрі бағасы да удай әнші, асабаларды шақыруда не мән бар деп түсінбеуші едім.

 

Сүйтсем, бұл өмірдің бір емес, бірден-бір кәйіпі, мәнісі –

 

-алдыңа аста-төк дастарқанды жайып қойып, менімін дейтін сұлу да сымбаты жұлдыздарды би билетіп қоюда,

-осындай да жағдайың барын басқаға көрсетуде,

-осылай да жарысуда екен.

 

Айтпақшы, жау жағадан алып жатқанда Мұхамед шахың да дәл осылай еткен ғой. Дегенмен, сәлем айту бар да, оны есіту-есітпеу, бір құлақтан кіріп, екіншісінен шығып кету де  бар.

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*