Сірә, Дәулеттің бір бағы – Сапуновқа кездескені

сүйрет : Yuga.ru
Ыспан
«Бапкерім: сен кілемнің қожайынымен кездесіп жатырсың, төреші жағынан қысым болады деп айтқан кезде мен басқаша дайындалатын едім» [1].
Бұл – даңықты палуанымыз Дәулет Тұрлықановтың сөзі. Дәл осы сөзді ол өзінің «Тау тұлғалы ер Дәулет» деген тележұрналында да айтқан еді, өкінішке орай, кейін бұл сөзін таппай қалдық.
Сондай-ақ аталмыш жұрналда [2] КСРО құрамасының бапкері Генадий Сапуновтың:
… мен оның бапкері екеуіне бірнеше рет айтып, келесі жолы тағы да 68 келі салмаққа келсең, жарысқа жібермеймін деп жүріп, 74 келі салмаққа көшіргенмін. Содан бастап Дәулет ел біріншілігін қатарынан 7 рет жеңіп алды. Мұндай жай еш ұлтта болмаған …
дегені бар.
Сірә, сәті түсіп Сапунов айтып, көндірмесе, біз дәл бүгінгі Дәулетті білмес те едік!
Осыған қарағанда, талай еларалық жарыста бәсіміздің төмен шығып жататының бір, бәлки, басты себебі – бапкерлеріміздің білім-білігінің қалыптан көп төмендігінен-ау деген ой келеді.
Яғни мәселе білекте емес, жүректе, баста, ойлылық пен ойсыздықта, шын жұтынып, шығандап ойлау дағдысы мен дәстүрінің бар-жоғында болғаны.
1. Қазақстан барысы-2017, 3:53:43 – 56 аралығы, Есей Жеңісұлымен болған әңгіме;
2. «Тау тұлғалы ер Дәулет» тележұрналы;